100 оқулық: Қазақ тілінің ғылыми қоры халықаралық лексикамен байытылады - Шырын Құрманбаева

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - «100 жаңа оқулық» жобасы қазақстандық гуманитарлық білімді дамытуға үлес қосады. Бұл туралы Семейдегі Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің ректоры, саясат ғылымдарының докторы, профессор Шырын Құрманбаева пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шырын Асылханқызының сөзінше, жастарға қолжетімді қазіргі заманғы білім қажет. Сондықтан бұл бастама жастарды жаңа жоғары дәрежеге көтеруге, және жалпы жастардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

«100 жаңа оқулық» бастамасын толығымен қолдаймын. Бұл өте құптарлық іс. Аталмыш концепция қазақстандық гуманитарлық білімді дамытуға үлесін қосатын болады. Жаңа көзқарастар мен ғылыми түсініктердің қазақ ғылымы мен тілінің айналымына енуі келешекте құбылыстық жаңғыру тудырады деп сенеміз. Мақалада «Біз тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану және филология ғылымдары бойынша студенттерге толыққанды білім беруге қажетті барлық жағдайды жасауға тиіспіз. Аталған пәндер жоғары оқу орындары бағдарламаларынан алынып тасталынған. Гуманитарлық білім студенттердің ғылыми дүниетанымын, құндылық бағдарын және өмірлік позициясын айқындайды. Сондықтан, аталмыш жобаны практикалық тұрғыда жүзеге асыру үшін бұл пәндерді жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларына қайта енгізу ұсынылады», - деді Шырын Құрманбаева.

Саясат ғылымдарының докторы 18 оқулықтың аударылғанын жақсы көрсеткіш деп бағалады.

«Құнды ақпаратты қазақ тілінде ала алатынымыз - профессорлық-оқытушылық құрам және студенттер үшін маңызды мәселелердің бірі. Күнделікті дәріске, ғылыми шараларға дайындық барысында қазақ тіліндегі материалдар тапшылығына ұшырап жататынымыз да бар. 100 оқулық аудару нәтижесінде ғылыми контент қоры көбейіп, қазақ тілінің ғылыми қоры халықаралық ғылыми лексикамен байытылады. Бұл тілдің дамуына септігін тигізеді. Жоғары оқу орындарындағы білімнің мазмұны әлемдік деңгейге көтерілуге мүмкіндік алады. Әлемнің үздік оқулықтарын қазақ тіліне аудару студенттердің білім деңгейін арттырып, жеке адам және маман ретінде табысқа жетуіне жол ашады», - деді Шырын Құрманбаева.

Соңғы жаңалықтар