«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруда 234 ғылыми жоба орындалды - ҚР ҰИА

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Ұлттық инженерлік академиясы 2015 жылғы ғылыми қызметі туралы әрі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруда атқарылып жатқан жобалар жайлы жиын өткізді.

Конференция жұмысына академиктер: Р.Алшанов, К.Абдуллаев, М.Бекмағамбетов, М.Битимбаев, А.Болотов, А.Джомартов, А.Кулибаев, Н.Нәдіров, А.Төлешов, А.Татығұлов және облыстық филиал басшылары қатысты.
«Мемлекет басшысының бастамаларын жүзеге асыруда инженерлік саланың маңызы зор. Үдемелі индустриалды даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда инженерлік жоспарлар мен бағдарламалардың жүзеге асуы маңызды. Транспорттық саланың жұмысы жайлы айтсақ, Батыс Еуропа Батыс Қытай мегажобасы жүзеге асуда, бірнеше жоба өндіріске енгізіліп жатыр. Атап айтсақ, 34 жоба орындалды, жалпы академия бойынша 235 жоба, 18 ғылыми бағдарлама орындалды», - деді ҚР ҰИА президиумының бас ғылыми хатшысы, экономика ғылымдарының докторы Гүлбазар Медиева.
Оның айтуынша, аталған академия Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесі қарсаңында WSEC-2017 ауқымды инженерлік конгрес өткізуді жоспарлап отыр. Жиынға дүниенің төрт бұрышынан белгілі ғалымдар жиналмақ.
«Негізгі қаралатын мәселе жасыл энергетика, келешектің энергиясы. Қазірдің өзінде инженерлік конгресске Ирена ұйымдары, Мастар университеті қызығушылық танытып, бізбен бірге өткізеді. ҰИА былтыр қыркүйекте үлкен мұнай газ конференциясын өткізді. Қытай инженерлік академиясы мен ҚР ҰИА арасындағы меморандум шеңберінде Синопек, СНПС біздің когресске үлесін қосып жатыр», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар