«100 нақты қадам» Ұлт жоспары әрбір қазақстандыққа арналған бағдарлама - депутат

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «100 нақты қадам» Ұлт жоспары әрбір қазақстандыққа арналған бағдарлама. Бұл туралы бүгін ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Виктор Киянский айтты.

«Бүгінде Ассамблеяның ұстанатын барлық идеялары «100 қадам» жоспарын жүзеге асыруға бағытталған. Өйткені Президентіміздің конфессияаралық және этносаралық татулықты қамтамасыз етудегі рөлі осындай бағдарламалық құжаттарда барынша көрініс табады», - деп атап өтті депутат.

В.Киянскийдің айтуынша, Мемлекет басшысының 1994 жылы Еуразиялық экономикалық одақ туралы айтқан пікірлері 20 жылдан кейін толықтай жүзеге асырылып отыр.

«Біздің 20 жылдан кейін көріп отырғанымыз - жоспарланған нәрсенің барлығы орындалды. Және сол кезде айтылған идеялардың барлығы бүгінде Еуразиялық экономикалық одақ пен Кедендік одақтың құрылуына негіз болды. Ол бүгінде үш мемлекеттің шеңберінен де шығып, ұлғайып келеді. Яғни, еуразиялық идеясы бүгінде шын мәнінде құрлықтық, жаһандық идеяға айналып келеді. Осының өзінен Ұлт көшбасшысының көрегендігі байқалады.

«Қазақстан-2050» стратегиясынан кейін «100 нақты қадам» сияқты бағдарламаның өмірге келуі бұдан былайғы қадамдарымызды одан сайын айқындай түсті. Өйткені бұл бағдарлама барлық қазақстандықтарға арналған», - деп атап өтті мәжілісмен.

Соңғы жаңалықтар