«100 нақты қадам» Қазақстанның әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті болуына септігін тигізеді - А.Рақымжанова

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бойынша бес институционалдық реформаны жүзеге асыру Қазақстанның әлем нарығында бәсекеге қабілетті болуына септігін тигізеді. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасы стратегиялық зерттеулер және болжаулар бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері Анар Рақымжанова осылай мәлім етті.

Еске салайық, баспасөз мәслихаты Н.Назарбаевтың бес институционалдық реформалар аясындағы 100 нақты қадам Ұлт жоспарының іске асу мәселелеріне арналған болатын.

Сарапшының пайымынша, Елбасы айқындаған жүз қадам жоспары Қазақстанның келешектегі орнықты дамуы үшін негіз болып, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға ықпал етеді. Бұдан бөлек, аталған реформалар сыртқы ортаның жағымсыз әсерлері жағдайында орнықты дамуды да қамтамасыз етпек.

«Түйіндей айтсақ, Қазақстанның міндеті, соның ішінде Үкіметтің, мемлекеттік органдардың және барша азаматтарымыздың міндеті әркім өзіне тиесілі бағыттағы істерді сапалы орындаулары керек. Осылайша, әлем нарығында мейілінше орнықты елге айнала түсу үшін, сыртқы өзгерістерге ішкі ортаның икемділігін қамту үшін ортақ мақсаттарды жүзеге асыру мүддесіне жұмылу қажет. Бұл тек экономиканың ғана емес, әлеуметтік бағыттың да шаруасы. Тұтастай алғанда, ұлт өзі бәсекеге қабілетті болуға ұмтылуы керек. Бұған негіздер де қаланған. Ендеше, ең бастысы, Елбасы айқындаған міндеттерді сапалы әрі тиімді жүзеге асыру», - деді А.Рақымжанова.

Оның сөзіне қарағанда, алдағы реформаларды тиімді етуге елімізде алғышарттар да қалыптасқан. Мәселен, «Нұрлы жол» бағдарламасының өзі Қазақстанның орнықты дамуына септігін тигізе алады.

Соңғы жаңалықтар