100 мыңнан астам түркістандық кредитін төлей алмай жүр

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Бүгінгі таңда 690 мыңнан астам түркістандықтың несиесі бар. Оның 111 мыңнан астамы банк алдындағы уақытылы төлемеген. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Комитет дерегінше, халықаралық тәжірибеге сай, өзінің банкроттығын жариялау 3 кезең бойынша рәсімделеді.

Біріншісі – азаматтың банк, микроқаржы ұйымдары және коллекторлар алдындағы берешек сомасы 4,9 млн теңгеден аспауы тиіс. Сонымен қатар, борышкердің мүлкі болмауы керек. Бұл жағдайда қарызы бар адам тиісті рәсімді жүргізе алады.

Екіншісі - сот банкроттығын 4,9 млн теңгеден астам қарыздары бар азаматтар да қолдана алады. Егер бұл орайда борышкердің мүлкі болса, онда ол сауда-саттық мақсатына берілуі тиіс. Кейін одан түскен қаражат кредиторлар алдындағы борышты өтеуге жіберіледі.

Үшіншісі - тұрақты табысы бар адамға қарызды 5 жылға дейін бөліп төлеу мүмкіндігін ұсыну. Бұл рәсімдер қаржы басқарушысымен бірлесіп әзірленеді және сотта бекітіледі. Ол үшін борышкер мен кредитордың келісімі қажет.

Еске салайық, азаматтар банкроттық туралы рәсімдерді 7 жылда бір рет қана қолдана алады. Сондай-ақ, банкрот деп танылған азамат бір жыл ішінде қаржылық сауаттылық курстарынан өтуге міндеттеледі.


Соңғы жаңалықтар