100 мыңға жуық ресейлік Қазақстанда жүр – Тамара Дүйсенова

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегі бойынша, Ресейде ішінара жұмылдыру жарияланғаннан бері 400 мың ресейлік Қазақстанға өткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ішінара мобилизация жарияланып, ресейліктер көптеп келе бастады. Сізде қазір деректер бар ма?», - деп сұрады БАҚ өкілі министрден Үкімет отырсынан кейін.

«Бұл сұраққа Ішкі істер министрлігі жауап береді. Біз күн сайын алмасатын шұғыл деректер бойынша елге 400 мыңнан аса ресейлік келді. 323 мың ресейлік елден кетті. Әзірше, шамамен 100 мың ресейлік осында жүр. Енді еңбек мигранттарына тоқталсақ, бүгінде өткен жылдарды қосқанда 22 мың адам Қазақстанда жұмыс істеп жүр. Олар зейнетақы жарнасын аударады», - деді Тамара Дүйсенова.


Соңғы жаңалықтар