+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

100 мыңға жуық қазақстандық наркологиялық есепте тұр

2021 жылғы 19 шілде 11:27
Бөлісіңіз:
100 мыңға жуық қазақстандық наркологиялық есепте тұр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 100 мыңға жуық Қазақстан азаматы наркологиялық есепте тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда үш есірткі зертханасы жойылды

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк ведомствоның ақпарат алаңында айтты.

«Учаскелік полиция алкогольге тәуелді тұлғаларды мәжбүрлеп емдеу бойынша денсаулық сақтау органдарының алдында мәселе қоюға құқылы. Бүгінде наркологиялық есепте 100 мыңға жуық осындай азамат тіркелген. Өзінің функцоналдық міндетіне қарай халықпен жеке байланыс орнатуға міндетті. Бұл полиция қызметінің халыққа қолжетімдігі қағидатында ерекше маңызға ие. Тіпті ауылдарда учаскелік полиция қызметкері ондағы ішкі істер органдарының, кейде тіпті мемлекеттік биліктің жалғыз өкілі ретінде жұмыс істейді. Сондықтан Мемлекет басшысы учаскелік полиция қызметкерін полицияның ұлттық сервистік моделіндегі негізгі буын ретінде атаған болатын», - деді Алексей Милюк.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT