100 күнде - 100 смартфон: Жамбылда ерекше акция өтіп жатыр

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында «Түбіртек талап етіп, сыйлық ұтып ал!» акциясы өтуде. Акция аясында күнделікті бір смартфон ойнатылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шара барысындағы 100 күн ішінде - 100 смартфон сыйлыққа берілуде. Бұл сыйлықтарды алу үшін, дүкеннен сауда жасап, басқа да қызмет түрлерін пайдаланып түбіртек талап етуіңіз керек. Оны «Таңдау» мобильді қосымшасын орнатып, соған жүктейсіз.null

Осылай жеңімпаз атанғандардың бірі - Айнұр Әмірбекова. Ол күнделікті фискалды түбіртегін «таңдау» мобильдік қосымшасына орнатып, жеңімпаз атанды.

«Бұл шара салықтан жалтарған кәсіпкерлердің санын азайту мақсатында ұйымдастырылады. Акция мақсаты - тұтынушылар құқығын қорғау. Тұтынушы әрбір затты сатып алған сайын дүкеннен түбіртек талап етуі тиіс. Өйткені, иеленген тауарының құны көрсетілген түбіртек берілмеген жағдайда дүкен иесі ел экономикасына кері әсер ететін көлеңкелі сауданы дамыта түседі», - дейді Жамбыл облысы мемлекеттік кірістер департаменті түсіндіру жұмыстары басқармасының басшысы Өмірзақ Оспанов.

Айта кетейік, 1 мамырда басталған акция 8 тамызға дейін жалғасады.

null

Соңғы жаңалықтар