+7 (701) 759 90 19
USD 425.48 EUR 494.2
RUB 6.14 CNY 66.67
Jańalyqtar

100 кітап: Қазақ студенттері озық білімді ана тілінде алуға мүмкіндік алды - Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры

2018 жылғы 14 сәуір 02:14
Бөлісіңіз:
100 кітап: Қазақ студенттері озық білімді ана тілінде алуға мүмкіндік алды - Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 100 кітап жобасы аясында қазақ студенттері ана тілінде озық білім нәрімен сусындайтын болды. Осындай пікірін ҚазАқпарат тілшісіне Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаев жеткізді.

Оның айтуынша, Елбасының «Рухани Жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласы аясында гуманитарлық білім саласын дамытуға аса үлкен мән берілген.

«Қазақстан студенттеріне әлемдегі ең үздік әрі озық білім тәжірибелерімен дайындалған оқу құралдарын қазақ тілінде оқуына мүмкіндік туып отыр. Бұл 18 оқулық әлемде ең көп сұранысқа ие болған, бірнеше мәрте басылып шыққан оқулықтар. Бұл оқулықтар біздің студенттеріміз бен ұстаздарымызды әлемдік ғылым-білім кеңістігіне жақындата түсері сөзсіз. Бүгінде заман талабымен туындаған оқулықтарға қазақ студенттерінің қолы жетіп жатқаны үлкен мәселе. Бұл әлбетте, ЖОО-ларда гуманитарлық білімнің дамуына ерекше үлес қосады», - деді Такир Балықбаев.

Оның айтуынша, Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті тарапынан бірқатар оқулық аударуға ұсынылған.

«2017 жылғы психология, экономика, философия саласынан бірнеше оқулық аударуға ұсынылған болатын. Оның ішінде педагогика саласындағы оқулықтар биыл аударылып, қолға тиеді деген үміттеміз», - деді Т.Балықбаев.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT