100 қазақстандық Францияда тегін оқу мүмкіндігіне ие болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық 100 студент «Абай-Верн» бағдарламасы бойынша Францияда оқитын болды. Бұл туралы ҚазАқпарат «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығына сілтеме жасап хабарлайды.
Францияның Қазақстандағы елшісі Филип Мартинэнің айтуынша, биыл «Абай-Верн» бағдарламасының шәкіртақысына ие болу үшін 280 үміткер бақ сынаған.
«Абай-Верн» шәкіртақысы биыл екінші рет берілмек. Былтыр бүкіл Қазақстаннан 108 адам ғана бақ сынаған болатын. Биыл 280 өтініш түсті. Шәкіртақы қазақстандық студенттерге магистратура мен докторандураны Францияда оқуға мүмкіндік береді. Іріктеуден өткендердің басым бөлігі ғылыми-технологиялық бағдарламалар бойынша білім алады. Докторантураның 10 шәкіртақысына 35 үміткер таласты. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Мұндай жеңілдікке ие болу үшін ең әуелі Қазақстан азаматы болу керек», - деді елші.
Филип Мартинэ шәкіртақыдан үміттілердің француз тілін жоғары деңгейде білуі керектігін айтады. Дегенмен, кейбір университеттерде ағылшын тілінде де білім алуға болады.
«Магистратура шәкіртақылары бір жылға белгіленген. Ал доктарантура үш жылға жалғасады. Қазір Францияда 310 000 шетелдік студент оқып жатыр. Соның 650-і қазақстандық», - дейді Франция елшісі.
- Ақтөбелік оқушы вирустан қорғайтын «ақылды маска» ойлап тапты
- Білім министрі мектеп басшыларын тағайындау мен олардың жалақысын арттыру жайында айтты
- Ақмола облысында бірнеше мектеп оқушыларына коронавирус мұғалімдерден жұққан
- Ақтөбеде жүргізуші куәлігі жоқ адам мектеп оқушыларын тасымалдаған
-
Қарағанды облысында оқушылары коронавирус жұқтырған 6 мектеп карантинге жабылды
-
Елімізде жол саласына орта есеппен 3 мыңға жуық маман керек
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам