100-ге жуық шымкенттік арнаулы әскери жиынға қабылданды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте 100-ге жуық тұрғын арнаулы әскери жиынға қабылданды. Бейбіт күні әскерилер сапына қосылған сарбаздар қалада залалсыздандыру жұмысын атқармақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық төтенше жағдай штабының мәліметінше, сарбаздар санитарлық бұғаттау бекеттеріне көмектесетін болады.

«Сарбаздар қаладағы 25-тен 4 ауданға бөлінді. Олар екі күн бойы залалсыздандыру жұмыстарына көмектеседі. Сарбаздарды тасымалдау мен тамақ мәселесі шешілген», - деп атап өтті қала әкімінің орынбасары Алмасбек Мамытбеков.

Айта кетейік, төтенше жағдай кезінде әскер қатарына 35 жасқа дейінгі азаматтар тіркеуге алынған. Шымкент қалалық әскери комиссариятында арнайы медициналық комиссия жасақталып, үміткерлер сараптамадан өткен. Сынақтан өткен запастағы сарбаздар төтенше жағдай уақытында әскер қатарында болады. Тұрақты жұмысы бар ерікті сарбаздардың айлық жалақылары да сақталады.


Соңғы жаңалықтар