«100 есім»: Семейде мүмкіндігі шектеулі шебер темірден түйін түйеді

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Елбасы «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына байланысты «онда нақты адамдардың нақты тағдырлары мен өмірбаяндары арқылы бүгінгі, заманауи Қазақстанның келбеті көрініс табады» деген болатын. Шынында, бойында басқаға үлгі боларлық іскерлік, адамгершілік қасиеттері бар тұлғалар қоғамда аз емес. Тек оларды жұрт өздері де танып, өзгеге де үлгі етулері тиіс. Сондай ізгі жандардың бірі, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздары қатарынан көрінген семейлік қолөнер шебері Абылайхан Асылбай.

null

53 жастағы Абылайхан Асылбай - арбаға таңылған бірінші топтағы мүгедек. Бірақ қимыл-қозғалыс мүмкіндігінің шектеулі болғанына қарамастан, ол темірден түйін түйетін шебер, қолы қарықты ұста. Әсіресе қазақ батырларының жабдықтарын жасағанды жаны сүйеді, кез келген темір бұйымға жан бітіріп, керексіз қалған темір-терсекке екінші өмір сыйлай алады. Абылайхан Асылбай бүгінде үйінің бір бөлмесін өзінің шағын мұражайына айналдырған. Мұнда шебердің қолынан шыққан дулыға, сауыт-сайман, қару-жарақ, садақ және түрлі әшекей бұйымдарын көруге болады. Барлығы қолда бар материалдардан жасалған.

null 

«Менің әкем де, атам да қолөнер шебері, ұста болған кісілер. Сондықтан мұны маған қанмен берілген қасиет деп санаймын. Жауынгерлердің сауыт-саймандарынан басқа әйелдердің ұлттық әшекейлерін, түрлі тұрмыстық заттарды жасаймын. Кез келген материалдардан. Оның ішінде қауырсын банкілерін де пайдаланамын»,-дейді шебердің өзі.

null 

Ұстаның әңгімесіне қарағанда, ол 34 жасына дейін қолөнер шеберлігімен айналыспаған. 1996 жылы оның тағдырын мүлдем басқа арнаға бұратын жазатайым оқиға орын алған. Сол жылы құрылыста жүрген кезде  краннан құлап, омыртқасы қатты зақымданады. Осылайша, мүгедектік арбасына таңылған азамат осы сырқатымен 3 жыл күрескен.  Түрлі жаттығулар жасап, аяққа қайта тұру үшін барын салады. Ақыры балдақпен жүре алатын дәрежеге жетеді. Содан бері қолөнерлік ісіне бет бұрған. Әйгілі ұста Дәркембай Шоқпаровтан Алматы қаласында тәлім алады. Осылайша, қолөнердің қыр-сырын үйренеді.

null null null null null 

Бүгінде шебердің қолынан шыққан туындыларға сұраныс көп. Ол Қазақстан шеберлерінің арасында өтетін көрмелер мен байқауларға қатысып, жеңімпаз болып жүр.

 

Соңғы жаңалықтар