100-ден астам аурухана тексерілмеген өлшеу құралдарын пайдаланып келген – Техникалық реттеу комитеті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елдегі жүзден астам аурухана тексерілмеген өлшеу құралдарын пайдаланып келген. Техникалық реттеу және метрология комитетінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Қуаныш Елікбаев осындай дерек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Комитет төрағасының айтуынша, мемлекеттік метрология талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бағытында «Қазақстан темір жолы» РМК-ның филиалдарында, жанар-жағармай стансаларында, зауыттар мен зертханаларда, медициналық және білім беру кәсіпорындарында тексерулер жүргізілген.

«Тексерілген 374 кәсіпорынның 244-інде заң бұзу фактісі анықталды. Бұл 65,2% деген сөз. Мысалы, жүзден астам ауруханада тексерілмеген өлшеуіш құралдар қолданылып келген. Оның ішінде өмірге маңызды көрсеткіштерді өлшеуге арналған құралдар да бар», - деді комитет төрағасы.

Оның сөзіне қарағанда, жалпы жиыны 721 163 өлшеуіш құрал тексерілген. Оның ішінде 5696 құрылғыдан заңсыздық анықталған.


Соңғы жаңалықтар