100 әскери мен 300 оқушы сап түзеу арқылы қазақстандықтарды мерекемен құттықтады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда 100 әскери және 300 жоғары сынып оқушылары сап түзеу арқылы «ҚР ҚК 25!»  таңбаларын бейнеледі. 

Осындай флешмоб арқылы  ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасы  Қарулы Күштерінің 25 жылдығына ерекше тарту жасады, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

Ерекше флешмобтың өтуіне облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департамент пен өңірлік коммуникациялар қызметінің өкілдері ұйытқы болды. 

Шара мақсаты - ҚР Қарулы Күштерінің беделін арттыру және нығайту, жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру, қазақстандық армия қатарында әскери қызмет өткерудің беделін күшейту. Акция аясында «Әскерге шақыру күні» ұйымдастырылып, Алматы облысының 40 азаматы Қарулы Күштер қатарын толықтырды. Жетісулық жастар Ақмола облысындағы Әуе қорғанысы күштерінің 44813-әскери бөлімінде отан алдындағы борышын өтейтін болады.

Салтанатты шараға Алматы облысының  әкімдік өкілдері, Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің басшылығы, Қарулы Күштердің ардагерлері, Әскери прокуратураның, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, сондай-ақ болашақ сарбаздардың ата-аналары мен туған-туыстары қатысты.

Жалпы биылғы көктемде мерзімді әскери қызметке Алматы облысынан 2 мың жас шақырылады.  

Соңғы жаңалықтар