10 жылда мерзімінен бұрын босанатындар саны артты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шала туған нәрестелердің өміршеңдігі артты. Бұл туралы Сенатта мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік қорғау тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысында Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл сайын елімізде бала туу көрсеткіші артып келеді, 2008 жылмен салыстырғанда, 11 пайызға өсті. Естеріңізде болса, 2008 жылы еліміз Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өлшемдеріне көшті. Осы орайда жаңа туған нәрестелер 500 грамм салмағынан есепке алына бастады. 2008 жылдан бастап мерзімінен бұрын босану 1,8 есеге артты. Нәрестелердің шетінеуі көрсеткіші осы жылдары 3,5 еседен астам деңгейге, сондай-ақ балалар өлім-жітімі 2 есеге төмендеді», - деді вице-министр.

Оның сөзіне қарағанда, соңғы 10 жылда салмағы төмен шала туған балалардың тіршілікке қабілеттілігі, яғни 500-1000 грамм салмақтағы нәрестелердің өміршеңдігі 2,9 есеге өсті.

Соңғы жаңалықтар