10 жыл бұрын жоғалған ғашықтар су түбінен табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейде ер адам Волга өзенінен балық аулап жүріп, су түбіне батып кеткен көлікті байқап қалған. Ол бірден жергілікті полицияға хабар берген, деп хабарлайды nz1.ru сайты.

Полиция қызметкерлері келіп, судың түбіне батып кеткен көлікті жерге алып шықты. Судың астынан шыққан көлік салонынан ер мен әйелдің мәйіті және олардың құжаттары мен басқа да жеке заттары табылды.


Құқық қорғау органдары мәйіттерді тексере келе, олардың осыдан 10 жыл бұрын із-түзсіз жоғалғандардың қатарына қосылған ғашықтар екендігін анықтады.  Олар 2006 жылы жоғалып, хабар-ошарсыз кеткен. Алайда ғашықтарды ешкім таба алмағандықтан, іздеу жұмыстары тоқтатылған.

Қазіргі кезде аталған іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Соңғы жаңалықтар