10 желтоқсанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 10 желтоқсанда болатын маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

9.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

10.00-де Сенаттың кезекті отырысы болады.

10.00-де қалалық мәслихаттың сайтында онлайн режимінде Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық кеңесінің отырысы өтеді.

11.00-де ҚР Орталық сайлау комиссиясының ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауында партиялық тізімдерді ұсыну және тіркеу нәтижесі туралы отырысы болады.

11.00-де «Мейіргер ісі саласындағы жоғары білімнің инновациялық әлеуетіне көмектесу» жобасының нәтижелерін талқылауға арналған халықаралық конференция онлайн форматта өтеді.

11.00-де ZOOM платформасы арқылы Ирак Елекеевтің төрағалығымен Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтеді.

11.30-да Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған «Елбасы. Бірлік. Келісім» көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

12.30-да Орталық коммуникациялар қызметінде «Елбасының «Ел Үміті» жалпыұлттық бастамасы: жобаларды іске асыру нәтижелері» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.

Спикер: «Елбасы Академиясы» корпоративтік қоры директорының орынбасары Жангозин Ануар Қанатұлы, «Елбасы Академиясы» корпоративтік қоры Көшбасшылықты дамыту орталығының басшысы Гүлмира Болатқызы Раисова .

Көрсетілім сілтемелері: Youtube, Facebook

15.00-де Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Абайдың 175 жылдығы, «Ұлық Ұлыс» - Алтын Орданың 750 жылдығына орайластырылған «Отандық тарих ғылымындағы тұлға: жаңа зерттеулер мен тәсілдер» тақырыбында Қазақстан Ұлттық тарихшылар конгресінің VIII отырысы өтеді.

16.00-де ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 10 қаңтарға белгіленген ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауында сайлау алдындағы үгіт-насихат жүргізу тәртібі туралы отырысы өтеді.

АЛМАТЫ

12.00-де Каспий университетінің қоғамдық құқық ғылыми-зерттеу институты мен Каспий университетінің «Әділет» жоғары заң мектебі және Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі омбудсменнің қолдауымен «Қазіргі әлемдегі адам құқықтарын қорғау: тұжырымдамалар, механизмдер және қамтамасыз ету мәселелері» атты XIV халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігінің жариялануына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.

16.00-де «Қазақстан онкологиясы. Кеше. Бүгін. Ертең» тақырыбында халықаралық конференциясының ашылуы болады.

Шара Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының 60 жылдығына орайластырылған.


Соңғы жаңалықтар