+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

10 желтоқсан. Туған күн иелері

2019 жылғы 10 желтоқсан 08:08
Бөлісіңіз:
10 желтоқсан. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 10 желтоқсан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

74 жыл бұрын (1945) Қазақстанның Халық қаһарманы Мұхтар Қапашұлы АЛТЫНБАЕВ дүниеге келді.

Қарағанды қаласында туған. Армавир әуе қорғанысы жоғары әскери ұшқыштар училищесін (1977), Г.К.Жуков атындағы Әуе қорғанысы әскери академиясын (1985) бітірген.

Еңбек жолы: Кинель-Черкасск оқу-жаттығу авиация орталығының курсант ұшқышы (1965-1966); Киров атындағы (Қарағанды) шахтаның үңгушісі (1962-1969); Әуе қорғанысы авиациялық истребительдік полкының ұшқышы, аға ұшқышы, авиациялық истребителдік полкы авиациялық звеносының командирі, авиациялық эскадрильясы командирінің орынбасары, командирі, дивизия командирінің орынбасары, командирі (1969-1985); Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери академиясының тыңдаушысы (1982-1985); Әуе шабуылына қарсы қорғаныс дивизиясы командирінің орынбасары (1985-1988); Әуе шабуылына қарсы қорғаныс дивизиясының командирі (1988-1992); Әуе шабуылына қарсы қорғаныс корпусының командирі - Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары (1992-1993); Қазақстан Республикасы Әскери әуе күштерінің қолбасшысы (1993-1996); Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі (1996-1999); Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшысы (1999-2001); Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі (2001-2007); Қазақстан Республикасының қорғаныс министрінің міндетін атқарушы (17.06.2009-25.06.2009); Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Штаб басшылары Комитетінің төрағасы (2007-2010); Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (2010-2017).

ІІІ дәрежелі «КСРО Қарулы Күштерінде Отанға қызмет еткені үшін» (1978), ІІ дәрежелі «Барыс» (2003), «Халықтар достығы» (РФ), ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Парламентаралық Ассамблеясы Достастығы (2015) ордендерімен; «Халық Қаһарманы» алтын жұлдызымен, «Отан» орденімен, ҚР және шет мемлекеттердің көптеген медальдарымен наградталған./

48 жыл бұрын (1971) Шымкент облысында Шымкент қаласының әкімі Ерлан Қуанышұлы АЙТАХАНОВ дүниеге келген. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша (1994), Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген (2001).

Еңбек жолы: «Alem Bank Kazakhstan» - экономист (1994-1995), Орта Азия серіктестік және даму банкінде бас маман (1995), «Газойл» фирмасының қаржы директоры (1995-1997), «Қазақстан темір жолы» Республикалық мемлекеттік мекемесі және өзара есепке алу бөлімінің басшысы (1998-1999), «Қазақстан Темір жолы» республикалық мемлекеттік мекемесі қаржы және бухгалтерлік есеп бас басқармасының басшысы, басшының орынбасары, экономика, қаржы және бухгалтерлік есеп департаменті басшысы (1999-2002), Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі қаржылық реттеу департаменті директорының қызметін атқарушы, директоры (2002-2003), Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәскелестікті қорғау агенттігі төрағасының кеңесшісі (2003-2004), Алматы қаласы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің директоры (2005-2006), Алматы қаласы тарифтік реттеу басқармасының басшысы (2006-2007), Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті басқарма (инспекция) басшысы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ақмола облыстық Қаржылық бақылау комитетінің басшысы (2007-2009), Қазақстан Республикасы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (2009-2012), Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы (2012-2014), Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (2014-2016), Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының әкімі (2016-2019).

Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың шілде айынан.

47 жыл бұрын (1972) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Жауапты хатшысы Бақытжан Берікбайұлы ТЕМІРБОЛАТ дүниеге келді.

1998 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды «Саясаттану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

1998 жылдан 2007 жылға дейін —ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында және Президент Әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарған; 2007 жылдан 2018 жылға дейін — ҚР Президенті Кеңсесі басшысының орынбасары. Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың шілде айынан бастап.

«Құрмет», «Парасат» ордендерімен, мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT