10 желтоқсан күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 10 желтоқсанда өтетін маңызды шаралар легін ұсынады.

АСТАНА

Сағат 10.00-де Мәжілісте «Цифрлық Қазақстан» тақырыбы бойынша Үкімет сағаты өтеді.

Сағат 10.30-да Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде БҰҰ Бас Ассамблеясының Адам құқықтары жөніндегі жалпыға бірдей декларациясы мен Адам құқықтары жөніндегі халықаралық күннің қабылданғанына 70 жыл толуына арналған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Комиссияның дөңгелек үстелі өтеді.

Сағат 15.00-де Сенатта «Өңір» депутаттық тобының тұрмыстық қалдықтарды утилизациялау тақырыбындағы жұмыс отырысы басталады.

Сағат 15.45-те «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында партия хатшысы Тамара Дүйсенованың басшылығымен «ҚР Президентінің бес әлеуметтік бастамасын» іске асыруды бақылау жөніндегі Республикалық қоғамдық Кеңеске қарасты жұмыс тобының отырысы өтеді.

Сағат 17.00-де «Астана» концерт залында елорданы ауыстыру мен еліміздің бас қаласының 20 жылдығына арналған мерекелік концерт және «Елорда Жұлдызы» сыйлығын табыстау салтанаты өтеді.

Сағат 18.00 «Park Inn by Radisson Hotel» қонақ үйінде Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігі, Томсон Қоры (the Thomson Foundation) және Қазақстан Баспасөз клубы «Цифрлы диалогтар - Қазақстанның болашағы» тақырыбындағы панельдік дискуссиялар мен билнес-жоспарлардың байқауының жеңісмпаздарын марапаттайды.

Сағат 19.00-де «Марриот» қонақ үйінде адам құқықтары саласы бойынша Халықаралық наградаларды табыстау рәсімі мен қабылдау өтеді.

 

АЛМАТЫ

Сағат 17.00-де «Intercontinental Almaty» қонақ үйінде қазақстандық дизайнерлер АҚТҚ анықталған балаларға қолдау көрсету үшін қаражат жинау үшін қайырымдылық кешін өткізеді.

 

Соңғы жаңалықтар