+7 (701) 759 90 19
USD 377.29 EUR 418.41
RUB 6.09 CNY 54.66
Jańalyqtar

10 желтоқсан. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылғы 10 желтоқсан 07:00
Бөлісіңіз:
10 желтоқсан. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2018 жылғы 10 желтоқсанға арналған күнтізбесін ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Адам құқықтарының халықаралық күні

1948 жылғы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы Жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясын қабылдады. Барлық елде 1950 жылдан бастап атап өтіледі.

Дүниежүзілік футбол күні

БҰҰ-ның шешімімен бекітілген. Миллиондаған адамға тек ойын ғана емес, өмір стиліне айналған спорттың бұл түріне халықаралық қоғамдастық ерекше құрмет көрсетеді.

Футбол ойыны туралы алғашқы деректерді тарихшылар біздің заманымызға дейінгі екінші мыңжылдықтағы Қытай жылнамасынан тапқан. Ол Цу Чю деп аталған. Футбол ойыны қытай жауынгерлерін бабында сақтауға септігін тигізген деседі. Ал кейбіреулер футболдың ізашары деп VIII ғасырда Англияда өмір сүрген саксондардың «жабайы ойынын» атайды. Олар ұрыстан кейін шайқас даласында дұшпанының шабылған басын тепкілеп ойнаған. Футболды біздің заманымызға дейінгі екі жарым мыңжылдықта Ежелгі Грекияда, Римде де ойнаған.

Нобель сыйлығын тапсыру күні

Жыл сайын Норвегия королінің қатысуымен Осло университетінің үлкен залында және Швецияның Стокгольм қаласында Нобель сыйлығын тапсыру салтанаты өтеді. 1900 жылы құрылған Нобель қорының бастапқы капиталы 31 миллион швед кронасы болды. Алғашқы Нобель сыйлығы 1901 жылғы 10 желтоқсанда табыс етілді. Физика, химия, физиология және медицина бойынша сыйлықтар Стокгольмде, ал бейбітшілік сыйлығы Осло қаласында беріледі. 2004 және 2005 жылдардағы ақшалай сыйлықтың көлемі 10 миллион швед кронасын құрады.

Жануарлар құқығын қорғау күні

Бұл күн 1998 жылы Адам құқығы декларациясына қол қоюдың 50 жылдығында мақұлданды.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1930 жыл Алматыда тұңғыш Қазақ мемлекеттік Медицина институты ашылды (ҚазММИ). Оның ректоры болып Ленинград әскери-медициналық академиясының түлегі Санжар Асфендияров тағайындалды. 1963 жылы ЖОО Алматы мемлекеттік медициналық институты (АММИ) болып өзгертілді. 2001 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен С.Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медициналық университетіне «Ұлттық университет» мәртебесі берілді.

1991 жылы Алматыда ашылған Жоғарғы Кеңестің жетінші сессиясында Қазақ КСР-ін Қазақстан Республикасы деп атауға шешім қабылдады.

1991 жылы Алматыдағы Республика сарайында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ант беру рәсімі өтті. Осыдан кейін Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен Президент өз қызметіне кірісті.

1991 жылы Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Алмас» қорын құру туралы Жарлығы шықты.

1997 жылы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Ұлттық қолданбалы ғылымдар академиясының құрметті мүшесі болып сайланды.

1997 жылы Ақмола қаласы (қазіргі Астана) Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды.

2010 жылы Алматыдағы 28 панфиловшылар саябағында Ұлы Отан соғысының ардагері, Кеңес одағының батыры Бауыржан Момышұлына арналған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жаңа ескерткіштің ашылуына даңқты жауынгер-жазушының ұрпақтары, замандастары, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Жалпы биіктігі 6 метрлік ескерткіштің тұғыры граниттен, ал батырдың мүсіні қоладан соғылған. Бұл - батырдың сом тұлғасын айшықтайтын қаладағы алғашқы естелік. Авторлары - Нұрбол Далбай мен Расул Сатыбалдиев.

2013 жылы Конакриде Ислам Ынтымақтастық ұйымының Сыртқы істер министрлер Кеңесінде (ИЫҰ СІМК) штаб-пәтері Астана қаласында орналасқан Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымын құру туралы шешім қабылданды. Жаңа ұйымның жарғысына 19 мемлекет қол қойды.

2014 жылы Италиядағы ірі басылымдардың бірі - «Сандро Тети Эдиторда» итальян тілінде «Қазақстан – Еуразия орталығы» кітабы басып шығарылды. Оның авторы – геосаясат саласындағы итальян сарапшысы Фабио Индео.

2016 жылы «Астана Балет» театры салтанатты түрде ашылды. Қазақ ұлттық хореография академиясының жанында орналасқан. Көрермен залының сыйымдылығы - 783 орын, соның ішінде партер - 609 орын, балконның екінші ярусы - 104 орын, балконның үшінші ярусы - 70 орын. Дизайнерлердің ұсынған жобасы бойынша, алтын-қоңыр түсті шымылдық ілініп, орындықтар жауқазын түстес материалмен қапталған, ал еден - қоңыр түсті. Сахнаның ауданы 536 м² құрайды. Сахнаны трансформациялау үшін қозғалмалы және көтеру-түсіру механикасының ең озық технологиялары пайдаланылды.

2018 жылы ел астанасының Алматыдан Ақмолаға ауысу құрметіне Астанада тұңғыш рет «Елорда жұлдызы» сыйлығын бекітті. Алғашқы марапатты Astana Ballet театры, «ЭКСПО-2017» компаниясы, «Спарта-Номад Астана» КВН командасы және «Жастар» театры иеленді. Елорда Алматыдан Ақмолаға ресми түрде 1997 жылдың 10 желтоқсанында ауысты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT