10 жастағы қазақстандық кәріс мультсериалына саундтрек жазды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Голос Казахстана. Дети» байқауының алғашқы жеңімпазы Даниил Юн кәріс мультсериалына саундтрек жазды. Оның дауысын қазақстандықтар Carrie Kids Song мультсериалынан тыңдай алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұрын бұл мультсериал ағылшын, қытай, индонезия тілдерінде шыққан болатын. Анимациялық сериал жақында ТМД елдерінде орыс тілінде көрсетілетін болады. 

«Мен өмірімде бірінші рет мультфильм сауднтрегін дыбыстадым. Мен үшін теңдессіз тәжірибе болды. Шетелдік дыбыс режиссерлерімен жұмыс жасадым. Олар үнемі менің даусымды мақтап, таң қалумен болды», - деді жас әнші.

Жас дарынның талантына таң қалған жоба авторлары Даниилді сериялардың бірінің түсірілім жұмыстарына қатыстырды.

«8 күнде бірнеше ән жаздық. Өзі кішкентай болса да даусы керемет екен. Қазақстанда да оның жолы болып, дарыны жоғары бағаланса деген тілегім бар», - деді Корея дыбыс режиссері Хо Джунен.

Компания өкілдері болашақта сериал жалғасын тауып жатса, Даниил Юнді сериал кейіпкерлерінің даусын дыбыстауға шақырмақ.

Айта кету керек, 10 жастағы өнерпаз былтыр Қазақстанда өткен «Голос Казахстана. Дети» байқауының жеңімпазы атанған болатын.




Фото: www.instagram.com/daniilyun

Соңғы жаңалықтар