10 жасар баланы пышақтаған күдіктіге іздеу жарияланды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Алакөл ауданында 10 жастағы баланы пышақтаған күдіктіге іздеу жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық полиция департаменті 21 жастағы Дархан Айдархановты іздестіріп жатыр. Күдікті Үшарал қаласында 10 жастағы баланы пышақтап, үйінен 20 мың теңге ақшаны ұрлап кеткен. Қазір бірнеше жерінен пышақ жарақатын алған мектеп оқушысы Алакөл аудандық ауруханасында жатыр.
Полиция кімде-кім суреттегі адамды танитын болса дереу 8 (7282) 608035, 608074, 603057, 8 - 7756963717 немесе 102 номерлеріне хабарласуын сұрайды.

«Дархан Айдарханов 1998 жылы туған. Бойы шамамен 175-180 см, дене бітімі арықтау келген. Ерекше белгілері, ерінінің оң жағының төменгі тұсында меңі бар», - делінген аталған ведомствоның таратқан ақпаратында.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 29 мамыр күні Алматы облысында 10 жастағы баланы пышақтап кеткені жайлы хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар