10 жасар алматылыққа 2 ЖСН-ді кім берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев алматылық 10 жастағы балаға 2 жеке сәйкестендіру нөмірін кімдердің бергенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Республикасының құжатталған халқының деректер базасына сәйкес аталған балада 2 ЖСН бар. Біріншісі белгіленген тәртіппен 2012 жылы Алматы қаласы Медеу аудандық ІІБ көші-қон қызметі бөлімінен алынған. Екіншісін 2013 жылы салық органдары Қазақстан Республикасының резиденті емес (АҚШ азаматы) ретінде берген. Аталған мәселе бойынша түсініктеме алу, сонымен қатар оны жою үшін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Қаржы министрлігіне жүгіну қажет», - деді Алмас Садубаев.

Айта кетейік, Facebook қолданушы Татьяна Прилепина  апайының баласы ауырып Алматы қаласындағы №5 қалалық клиникалық  емханаға апарған кезде қабылдамағанын, өйткені, ақпараттың жүйеде бала АҚШ азаматы ретінде шығып тұрғанын жазған еді. Бұған қоса, балада екі жеке сәйкестендіру нөмірі болған.

«Бүкіл өміріңге біреу ғана беріледі емес пе? Екеуі қайдан шығып тұр? Емханадағылар ХҚКО-ға барып, ЖСН алуға кеңес берді. Бардық, бір ЖСН алып келдік. Базаға енгізсе, ол жоқ. Емханада жоқ болғанымен қалалық денсаулық басқармасының ақпараттандыру секторында бар. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының ақпараттандыру секторының бас маманы Абылай Нұрмахановқа бардық. Жағдайды түсіндіріп, құжаттарды көрсеттік. Базадан тексерді. Иә, базада дұрыс және қате ЖСН бар екен, емханаға тіркеу туралы бірнеше өтініш жібердік. Бірақ, барлық жерде бас тарту мәртебесі тұр», - деп жазған еді ол.

Дегенмен сәл кейінірек, Татьяна Прилепина немересінің емханаға тіркелгендігін жазған еді.

Соңғы жаңалықтар