10 тамызда елімізде өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 10 тамыз күні елімізде өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.30-да Төтенше жағдайлар департаменті «Mega Silk Way» сауда-ойын-сауық орталығынан адамдарды толық эвакуациялап, ауқымды өрт-тактикалық оқу-жаттығуларын өткізеді.

12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан зертханаларының сынақ базасын жаңғырту» атты баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикерлер: Ұлттық аккредиттеу орталығының әдіснама және нормалау департаментінің басшысы Орынғалиұлы Алмат, осы департаменттің бас маманы Молдыбаев Дастан Жаманшалұлы.

Көрсетілім сілтемелері: Youtube, Facebook.

16.00-де EXPO Конгресс орталығында спидкубинг турнирі аясында БАҚ өкілдеріне арнайы баспасөз конференциясы ұйымдастырылады.

Онда БАҚ өкілдері 3000 текшеден тұратын куберлердің қандай атақты адамдардың портретін жинайтынын бірінші болып біледі.

АЛМАТЫ

10.00-де Абай күнін мерекелеу қарсаңында ақын ескерткішіне гүл шоқтары қойылады.

10.30-да «Абай» метростанциясында әртістер шеруі өтеді.

11.00-де Алматы музейінде Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалды қорынан экспонаттар ұсынылады.

17.00-де «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Күн артынан күн туар» концерті қойылады.






Фото: kreactiv.net


Соңғы жаңалықтар