+7 (701) 759 90 19
USD 428.68 EUR 507.21
RUB 5.57 CNY 64.2
Jańalyqtar

10 тамыз. ҚазАқпарат күнтізбесі

2020 жылғы 10 тамыз 07:00
Бөлісіңіз:
10 тамыз. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2020 жылғы 10 тамызға арналған күнтізбесін ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Абай күні

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 тамыздағы Қаулысымен 10 тамыз мерекелік күндердің тізбесіне қосылып, Абай күні болып белгіленді.

Абай - қазақ жазба әдебиетінің негізін қалыптастырған ұлы ақын, ағартушы әрі ойшыл. Оның шығармалары бүгінгі күнге дейін әлемнің 60 тіліне аударылған. Қазіргі таңда Алматыда ақынның атымен жоғары оқу орны, опера және балет театры, үлкен даңғыл аталса, көркем әдебиет саласы бойынша мемлекеттік сыйлық тағайындалған. Шығыс Қазақстан облысындағы бір ауданға, Қарағанды облысындағы бір қалаға аты берілген. Сондай-ақ Іле Алатауының теңіз деңгейінен 4010 метр биіктіктегі шыңы да ақын есімімен аталады.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1995 жылы Семей қаласында Абайдың жаңа мәдени-тарихи және аумақтық-мемориалдық кешені салтанатты түрде ашылды. Кешенге жаңа мұражай мен қайта өңдеу өткізілген Абайдың өзі тәлім алған медресе мен мешіт кіреді.

2010 жылы Талдықорған қаласында Спорт сарайы алдында қазақтың ұлы ақыны Сүйінбай Аронұлына ескерткіш орнатылды. Биіктігі шамамен 10 метрге жететін монумент таза қоладан құйылған, оның авторлары - белгілі қазақстандық сәулетші Қазбек Жарылғапов пен мүсінші Мерлан Әзмағамбетов.

2012 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде болды.

2012 жылы Маңғыстау облысындағы Қарақұдық кен орнында мерейтойлық 10 миллионыншы мұнай тоннасы алынды. Қарақұдық кен орны Ақтау қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 365 шақырым қашықтықта орналақан. Алғаш рет бұл маңнан мұнай 1972 жылы табылғанымен тек 1998 жылдан бастап алына бастады.

2014 жылы Тбилисиде ІХ Халықаралық мәдениет, сән және өнер балалар фестивалінің Алтын тәжін марапаттау рәсімі өтті. Аталмыш байқауда Қазақстан атынан апалы-сіңлілі Ксения (13 жаста) және Анастасия (10 жаста) Михайловскаялар өнер көрсетті.

Ксения «Little Miss Universe-2014, Super Grand prix» атақтарына ие болды. Жеңімпазға алтын тәж тағылып, диплом, «Диадема» зергерлік салонынан фестивальдің символикасы салынған алтын алқа сыйға тартылды. Байқауда Ксения қазақтың ұлттық биі «Аққуды» биледі.

Ал Анастасия «Little Miss Universe grand prix-2014» атағын жеңіп алды. Сондай-ақ, фестивальдің арнайы аталымдарының бірі - «Little Miss Elegance 2014» атанды. Жеңімпазға үздік ұлттық костюм үшін диплом берілді.

2014 жылы қазақстандық қос балуан Вадим Псарев пен Жаксылық Үшкемпіровтің есімдері Швейцариядағы ФИЛА штаб-пәтеріндегі күрес даңқы залына енгізілді.

2016 жылы «Құнанбай» фильмі ХІІ Қазан халықаралық мұсылман киносы фестивалінің негізгі конкурстық бағдарламасына қатысты.

2017 жылы Қазақстан Республикасы алғаш рет Польшаның Торун қаласында өткен XVIII Бүкіләлемдік жазғы полоний ойындарына қатысты. Кәсіби емес спортшылар арасындағы жарыста 32 елдің командалары сынға түсті. Қазақстан намысын Астана мен Алматыдан 17 адам қорғап, 11 медаль жеңіп алды.

2017 жылыәлемнің 40-тан астам елінде 22 тілде National Geographic түсірген Астананың мегақұрылыстары туралы фильмнің әлемдік тұсаукесері болды. Әйгілі National Geographic телеарнасының командасы Астананың зәулім ғимараттары туралы деректі фильм түсіріп, осы ғимараттарды да және қаланың өзін де мегақұрылыстар қатарына жатқызды. Қазақстан астанасының бас құрылысшысы – Президент Нұрсұлтан Назарбаев белгілі сәулетшілермен бірге фильмнің бас кейіпкері болды.

2017 жылыКатар Қазақстан азаматтары үшін тегін визалар енгізілгенін жариялады. Енді қазақстандықтар Катарға 30 күнге барып, оның мерзімін тағы 30 күнге созуына болады.

2017 жылыДимаш Құдайберген Гонконгтағы Golden melody awards байқауының «Жылдың үздік орындаушысы» аталымында жеңімпаз атанды. Қазақстандық әнші Қытайда өткен Singer-2017 жобасында екінші орын алып, әлемге танылған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT