10 шілде күні Қазақстанда өтетін маңызды шаралар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 10 шілде күні елімізде өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де Физика-математика бағытындағы зияткерлік мектепте шетелдегі қазақ диаспорасы балаларына арналған «Ұлы дала ұрпағы» жазғы мектебі ашылады.

11.00-де Үкімет үйінде индустрияландыру және қазақстандық автоөнеркәсіпті дамыту туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

11.00-де Қазақстан Даму Банкінің баспасөз орталығында еліміздің барлық елдімекендерін кең жолақты интернетпен қамту жобасы туралы брифинг өтеді.

16.30-да Тәуелсіздік сарайында «Nur Otan» партиясы журналистер арасындағы «Nur Suńqar» республикалық конкурсының Х мерейтойлық марапаттау рәсімін өткізеді.

АЛМАТЫ

9.00-де Агропарктің Оңтүстік аймағында Егістік күні аталып өтеді.

10.00-де «Holiday Inn» қонақ үйінде Туберкулез бен ВИЧ-ті емдеу мен алдын алуды жақсарту туралы жиналыс өтеді.

14.30-де Тұран университетінде Қоғамдық кеңестің экономика және жергілікті мемлекеттік басқару мәселелері туралы №1 комиссиясының кеңейтілген отырысы өтеді.

Соңғы жаңалықтар