+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

10 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2021 жылғы 25 қараша 19:09
Бөлісіңіз:
10 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК еліміздің 10 өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Сенбі күні ауа райы қандай болады Тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын: 1 желтоқсан күнгі ауа райы Бүгін 11 қалада ауа сапасы нашарлайды

26 қарашада таңертең және күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын болады. Өңірдің оңтүстігінде -тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

26 қарашада Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі. Оралда 26 қарашада түнде және таңертең - тұман.

26 қарашада Қызылорда облысының орталығында, 27-28 қарашада облыстың солтүстігінде тұман түсуі ықтимал.

Түнде 26 қарашада Қарағанды облысының шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. 26-28 қарашада облыстың солтүстігінде тұман түседі.

26 қарашада облыстың басым бөлігінде жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде 26 қарашада облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін. Қарағандыда 26 қарашада жолдарда көктайғақ болады. Жезқазғанда 26 қарашада көктайғақ.

26 қарашада түнде және таңертең Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Таулы, тау бөктерлі аудандарда жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, таулы, тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, тау асуларында екпіні 25 м/с. Шымкентте 26 қарашада түнде және таңертең жаяу бұрқасын жүреді. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с. Түркістанда 26 қарашада түннің бірінші жартысында жаяу бұрқасын болуы ықтимал. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с жетеді.

26 қарашада Маңғыстау облысының батысында тұман түседі.

Түнде 26 қарашада Ақтөбе облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстын жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде

екпіні 15-20 м/с.

26 қарашада Алматы облысының солтүстігінде және шығысында жел солтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы 15-20 м/с. Жалаңашкөл ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, өңірдің солтүстігінде тұман түседі. Талдықорғанда 26 қарашада солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15 м/с күтіледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT