+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

10 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2021 жылғы 25 қыркүйек 18:09
Бөлісіңіз:
10 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет 26 қыркүйекте еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

26 қыркүйекте Қостанай облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші түнде облыстың солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, облыстың солтүстігінде 23-28 м/с.

Алматы облысының солтүстігінде 2 °С үсік сақталады.

26 қыркүйекте күндіз Түркістан облысының солтүстік аудандарында шаңды дауыл күтіледі, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Атырау облысында солтүстік-батыстан батысқа ауысып жел соғады, күндіз батыста 15-20 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

26 қыркүйекте Қызылорда облысының орталығында күндіз найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с сақталады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз 26 қыркүйекте Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында шанды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

26 қыркүйекте Қарағанды облысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде және орталығында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Облыстың батысында және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Нұр-Сұлтан қаласында 26 қыркүйекте түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз шығыстан соғатын желдің екпіні 15-18 м/с жетеді.

Ақтөбе облысында желдің бағыты оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде 15 м/с күтіледі.

Түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстік-шығысында тұман күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың басым бөлігінде шығыстан жел соғады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT