10 наурыздан бастап Біріккен Араб Әмірліктеріне визасыз қатынауға болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Біріккен Араб Әмірліктеріне 2018 жылдың 10 наурызынан бастап визасыз баруға болады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ҚР-дағы БАӘ елшілігіне сілтеме жасап.

«Бауырлас Қазақстан халқын құттықтаймыз. 10 наурыздан бастап БАӘ жеріне 30 күнге дейін визасыз қатынауға болады. Сапарларыңызға сәттілік тілейміз»,-деп жазылған елшіліктің Twitter парақшасында.

 Бұған дейін ҚР СІМ Қайрат Әбдірахманов 2017 жылы Біріккен Араб Әмірліктеріне барлық төлқұжат түрлерімен визасыз қатынау жөнінідегі келісім жасалғанын мәлімдеген болатын. Аталған құжатты БАӘ барлық әмірліктері мақұлдаған.

Қазақстан және БАӘ 2017 жылғы мамырда қол қойылған екі ел азаматтарын, ұлттық төлқұжат иелерін 30 күнге дейін визадан босатуды көздейтін келісім бойынша ішкі мемлекеттік процедураларын аяқтады.

Келісім 2018 жылғы 10 наурызда күшіне енеді.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі өз азаматтары үшін визасыз режим географиясын кеңейту бағытындағы белсенді жұмысын жалғастырады.

Соңғы жаңалықтар