10 наурыз күні елордада өтетін шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 10 наурыз күні елордада болатын маңызды шаралар тізімін ұсынады.

Сағат 09: 00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2020 жылғы қаңтар-ақпандағы республикалық бюджеттің атқарылуы қаралады.

Сағат 10: 00-де Мәжілісте Ұлттық экономика министрі Руслан Даленов депутаттарға салық салу және инвестициялық ахуалды жақсарту туралы жаңа заң жобасын ұсынады.

Сағат 12:20-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде елдегі су тасқыны жағдайына арналған баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 16: 20-да арнайы баспасөз конференциясы мен Орталық коммуникациялар қызметінде «Тұмар» ұлттық телевизиялық сыйлығына үміткерлердің қысқаша тізімі жарияланады.


Соңғы жаңалықтар