10 мыңнан астам түркістандық кәсіпкерге салықтық рақымшылық жасалды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында 10 мыңнан астам кәсіпкердің 112 млн теңге сомасындағы салықтық өсімпұлы кешірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

2019 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейін негізгі салықтық берешекті төлеген шағын және орта бизнес субъектілеріне өсімпұлдарын есептен шығару бойынша салықтық рақымшылық жарияланған болатын.

«Бұл ретте, Түркістан облысында 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша, 354,7 млн теңге (берешегі - 231,8 млн теңге, өсімақы - 122,8 млн теңге) көлемінде салық берешегі болған 10 718 шағын және орта бизнес субъектісі салықтық рақымшылыққа ілікті. 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, Түркістан облысының мемлекеттік кірістер органдары 177 млн теңге мөлшерінде негізгі қарыз сомасын өтеген 10 454 салық төлеушіге тиісті шешімдер шығарып, 112 млн теңге сомасында өсімпұл есептен шығарылды.
Осылайша, салықтық рақымшылыққа жататын шағын және орта бизнес субъектілерінің 98 пайызы салықтық рақымшылық мүмкіндігін пайдаланды», - делінген баспасөз мәліметінде.







Соңғы жаңалықтар