10 мыңнан астам адам «Almaty Urban Fest» фестиваліне жиналды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Республикалық «Qazaqstan Jastar Fest» челленджінің аясында Алматыда «Almaty Urban Fest» фестивалі өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Алаңда қалалық мәдениеттің заманауи ағымдары - BMX, граффити, воркаут, дала билері, стритбол 3х3, армреслинг, арт-инсталляциялар және т.б. көрсетілді.

Жарыстарға қатысып, дала өнерінің атмосферасынан ләззат алу үшін шараның екі күндік бағдарламасында 10 мыңнан астам адам жиналды. Көптеген спортшылар ең үздік атағына таласты. Олардың қатарында Нұр-Сұлтан, Петропавл, Семей, Өскемен, Шымкент, Тараз, Талдықорған қалаларының тұрғындары бар. Сондай-ақ, арнайы шара үшін Алматыға Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей елдерінен қатысушылар келді.

Фестивальге Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы, боксшы Серік Сәпиев келді.

«Урбан-фестиваль қаламызда бүгін алғаш рет ұйымдастырылуда және өз деңгейінде өтті деп ойлаймын. Осындай шаралар қаламызда жиі өтіп тұрса екен деймін. Әрқайсысыңыз үшін жеңіс көп болсын, биіктерге жете беріңіздер. Бұл жолға келгендер үлкен спорттан орындарын тапсын. Құттықтаймын және табыс тілеймін»,- деп құттықтады фестиваль қатысушылары мен қонақтарын Ержан Бабақұмаров.

Фестивальге қазақстандық кино және телевидение, спорт, қоғамдық пікір көшбасшылары қолдау бірдіріп, шара соңында Батыс Қазақстанның қаласында «Qazaqstan Jastar Fest» челленджінің аясында урбан мәдениетін дамыту эстафетасын берді.




Соңғы жаңалықтар