10 мыңға жуық маска тігіп, тегін таратқан қыз-келіншектер марапатталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев 10 мыңға жуық бетперде тігіп, тегін таратқан қыз-келіншектерді марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Коронавирус індетінің таралуына жол бермеу мақсатында еліміздің әрбір өңірінде тиісті шаралар қолға алынды. Оған еліміздің әрбір тұрғыны атсалысып, қолдан келгенше өз үлестерін қоса білді.

Аталған дерттің алдын алу, тұрғындарды инфекциядан сақтау ісіне тараздықтар да барынша қолғабыс етті. Соның ішінде облыс орталығының 30 қыз-келіншегі 10 мыңға жуық бетперде тігіп, барлығын тегін таратты.

Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев қаланың қоғамдық өміріне белсене араласып, төтенше жағдай кезінде тегін медициналық маска тігуге атсалысқан қыз-келіншектерге алғыс білдірді. Шаһар басшысының Алғыс хатын қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұлана Сламбекова әрбір қыз-келіншектің үйіне барып, табыстады. Ал, тараздық нәзікжандылар қала әкіміне ризашылығын білдіре келіп, осындай қиын кезеңде көпшілікке қолдан келген көмегін беру әрбір азаматтың борышы екенін жеткізді.


Соңғы жаңалықтар