10 мыңға жуық алматылық кәсіпкерлік негіздерін оқыды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығында екі жылда кәсіпкерлік негіздері бойынша 10 мыңға жуық адам оқыды. 44,3 млрд теңгеге 88 жоба қаржыландырлды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық таратқан мәліметке сәйкес, 2021 жылдың басынан «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығы ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жүрген 2 753 кәсіпкерді оқытты, 12 мыңнан астам кеңес беру қызметі көрсетілді, 2,1 млрд теңгеге 23 жоба қаржыландырылды. Сонымен қатар, 209 бизнес-жоспар әзірледі.

«Біздің орталық кәсіпкерлерге кешенді көмек көрсету қағидаты бойынша жұмыс істейді - идеяның пайда болу сәтінен бастап, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, бизнес-жоспар жазу, кейіннен қаржыландыруды жұмылдыру, жобаны іске асыруға дейін сүйемелдеу. Сонымен қатар, біздің орталықтың менеджерлері жер, сәулет, инженерлік және қызметті лицензиялау мәселелері бойынша рұқсат құжаттарын алу бойынша кеңес береді. Салалар тарауында біз сүйемелдейтін жобалардың басым бөлігі жеңіл, тамақ, өңдеу өнеркәсібі, сауда және қызмет көрсету салалары жатады «, – деді «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығы» ЖШС бас директорының орынбасары Серік Мамытов.

Сонымен қатар, ол көрсеткен кеңестердің нәтижесінде қалада тігін ательесі, білім беру орталықтары, кондитерлік дүкендер, кофеханалар, сұлулық салондары, үй жанындағы дүкендер, спорт клубтары және ішкі туризм, агробизнестегі инновациялар бойынша жобалар және тағы басқа шағын және орта бизнес нысандары ашылғанын атап өтті.

Айта кетпейік, «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығының басты міндеті – кәсіпкерлікті дамытуға және қолдауға жан-жақты көмек көрсету.


Соңғы жаңалықтар