10 млн медициналық маска сатып алдық - Алексей Цой

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 8 отандық тауар өндірушіден 10 млн медициналық масқа сатып алынды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тапшылық орын алған жағдайда дәріханалардың бөлшек желілерін интервенциялау үшін 8 отандық тауар өндірушіден 10 млн медициналық масқа сатып алынды», - деді министр IX Азаматтық форум аясында үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесуі барысында.

Сонымен қатар ол медицина қызметкерлері үшін жеке қорғаныс заттарының 3 айға жететін қоры жасақталып қойғанын баса айтты.

«Бұған қоса, Үкімет гуманитарлық көмек аясында алынған жеке қорғаныс заттарынан 400 мың бірреттік қорғаныс костюмдері резервін құру мәселесін пысықтады», - деді Алексей Цой.


Соңғы жаңалықтар