10 млн халқы бар Индонезия астанасы 10 жылдан кейін су астында қалуы мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Индонезия соңғы 15 жыл ішінде топырақ қабатының шөгуі және теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты, құрлықтағы 29 мың гектардай жерінен айырылды.

Бұл Жакартаның ауданымен пара-пар. Бұл жайлы The Jakarta Post газеті жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елдің Теңіз істері және балық шаруашылығы министрлігінің деректеріне қарағанда, Ява аралындағы жағдай қатты алаңдатады. Аралдың солтүстік жағалауындағы жер күшті эрозияға ұшыраған.

Бұған теңіздің қуатты толқындары, сонымен қатар жергілікті тұрғындардың шаруашылық қызметі де әсер етіп отыр. Кесілген ормандар мен плантациялардың орны жылдам эрозияға ұшырап барады.

Сарапшылардың айтуынша, Жакартада топырақ қабаты жылына 10-25 см шөгеді. Билікті алаңдататын тағы бір жайт, қала аумағының 40%-ға жуығы онсыз да теңіз деңгейінен төмен орналасқан. Егер жағдай оңдалмаса, 2030 жылға қарай Жакарта толықтай су астында қалуы мүмкін.

Қазіргі таңда Жакартада он миллионға жуық халық тұрады.

Соңғы жаңалықтар