10 маусымнан бастап елімізден ағаштың жекеленген түрлерін экспорттауға тыйым салынды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі «Ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы» бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан аумағынан тауар коды 4401 (отын ретінде пайдаланылатын бөренелер), 4403 (отын ретінде пайдаланылатын өңделмеген ағаштар), 4404 (өңделмеген ағаш қадалар мен бағаналар), 4406 (теміржол немесе трамвай жолдарына арналған ағаш бөренелер) және 4407 (қалыңдығы 6 мм асатын арамен кесілген немесе сындырылған ағаштар) болатын ағаш материалдарын әкетуге 6 ай мерзімге тыйым салу енгізілсін», - делінген министр М.Қарабаев қол қойған бұйырықта.

Бұл экспорттық шектеу 10 маусымнан бастап күшіне енеді.

Қоса кетсек, бұған дейін жанар-жағармайды шекарадан шығаруға қойылған шектеу тағы 6 айға ұзаратынын хабарлап едік.


Соңғы жаңалықтар