10 маусымда елордада өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат 10 маусымда елімізде болатын маңызды шараларға шолуды ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 10:00-де ҚР Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысы өтеді.

Сағат 11:00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында «Мүгедектердің қол жетімділігі үшін инфрақұрылымды тексеру туралы» тақырыбында онлайн-конференция өтеді. Онлайн конференция әкімдіктің Facebook-тегі ресми парақшасында көрсетіледі.

Сағат 15:00-де Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің халық алдында есеп беру кездесуі өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 15:00-де Қазақстан қор биржасы (KASE) онлайн-брифинг өткізеді. Брифинг барысында осы жылдың мамыр айындағы Қазақстан қор биржасының нәтижелері, сондай-ақ пандемия кезіндегі қор нарығының беталысы туралы статистикалық ақпарат (сараптама) ұсынылады.

Сағат 15:00-де Zoom конференциясы арқылы Алматы қоғамдық кеңесінің онлайн-отырысы өтеді. Отырыс барысында мемлекеттік бағдарламаларды талқылау және Мемлекет басшысының биыл 11 мамырдағы тапсырмаларын іске асыру тетіктері бойынша ұсыныстарды әзірлеу жоспарлануда.


Соңғы жаңалықтар