10 мамырға арналған ауа райы болжамы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 10 мамыр күні Қазақстанның басым аумағы антициклонның ықпалында болады, соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Тек оңтүстік-батыс, солтүстік-батыс, солтүстік аудандар арқылы атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі, оңтүстікте шаңды дауыл тұруы, солтүстік-шығыста бұршақ жаууы мүмкін.

Түркістан, күндіз Қызылорда, облыстарының кей жерлерінде шаң көтеріліп, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі, Павлодар облысында бұршақ жаууы ықтимал. Түнде және таңертең Ақмола облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, таңертең және күндіз найзағай жарқылдайды.

Жамбыл, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі. Ал күндіз Атырау облысында қатты ыстық болады.

Соңғы жаңалықтар