+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 387.34 EUR 428.44
RUB 6.04 CNY 54.58
Jańalyqtar

10 қыркүйек. Туған күн иелері

2019 жылғы 10 қыркүйек 08:08
Бөлісіңіз:
10 қыркүйек. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 10 қыркүйек күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР


125 жыл бұрын (1894-1938) мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, көркемсөзші, ұстаз, ғалым, публицист Сұлтанбек Қожанұлы ҚОЖАНОВ дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Ақсүмбе ауылыда туған. Түркістандағы 4 сыныптық орыс түзем бастауыш мектебін (1910), 3 сыныптық қалалық мектепті (1913), Ташкент мұғалімдер семинариясын тәмамдаған. Мәскеуде БК (б) П ОК Марксизм-ленинизм курсын (1927) бітірген.

Са­яси қыз­метін Таш­кент қала­сын­да се­мина­рия оқушы­лары­нан құралған «Кеңес» ат­ты ас­тыртын жас­тар ұйымын құру­дан бас­таған. 1917 жы­лы көктем­де Таш­кент­те Мұста­фа Шоқай, Қ. Қожықов, Қ. Болған­ба­ев, С.Ақаевпен бірге «Бірлік туы» га­зетін шығар­ды. Түркістан (Қоқан) автономи­ясы­на қызу қол­да­у та­нытып, оны кеңес өкіметінің әскер күшімен құла­ту­ын жергілікті ха­лықтың өзін-өзі би­леу құқығын аяқас­ты ету деп бағала­ды.

Өлке­де кеңестік билік тұсын­да орын алған ашар­шы­лыққа қар­сы күресте белсенділік та­ныт­ты. Аш­тықпен күре­сетін орталық ко­мис­си­яның мүшесі ретінде 1918 жылғы қара­шадан бас­тап Түркістан, Со­зақ, Жаңақорған, Қызылқұм, Ши­елі өңірлерінде ашыққан адам­дарды та­мақтан­ды­ратын ар­найы орын­дар ашу­ды ұйым­дастыр­ды. 1919 - 1920 жы­лдары Сыр­да­рия уезі төрағасы­ның орын­ба­сары, Түркістан уездік-қала­лық атқару кентінің, Сырдария об­лыстық ре­волю­ци­ялық кентінің төрағасы бол­ды.

1920 жыл­дың соңына қарай Түркістан Рес­публи­касы­ның Ішкі істер ха­лық комис­са­ры, 1921 жы­лы қазан­да Ха­лық ағар­ту ха­лық ко­мис­са­ры бо­лып тағайын­далды. Оқу-ағар­ту са­ласын­да білім бе­руді жергілікті ха­лықтар тілінде жүргізу мәсе­лесін көтеріп, оны жүзе­ге асы­руды та­лап етті.

Мәскеу, Пет­роград секілді ірі қала­лар­да жоғары оқу орын­да­рын­да білім алып жатқан түркістан­дық жас­тарға ма­тери­ал­дық көмек көрсе­туде бірқатар іс-шаралар­ды жүзе­ге асыр­ды. Түркістан­да бас­пасөздің және ұлттық те­атр­дың өркен­деуіне еле­улі үлес қос­ты. «Ақ жол» га­зетін шығару­ды ұйым­дасты­рып, оның алғашқы ре­дак­то­ры бол­ды. 1922 жы­лы Түркістан Рес­публи­касы­ның Жер ша­ру­ашы­лығы ха­лық ко­мис­са­ры бо­лып тағайын­да­лысы­мен, ауыл ахуалы­на ерек­ше көңіл бөліп, өлке­дегі жер-су ре­фор­ма­сына тек тап­тық қана емес, со­нымен бірге ұлттық си­пат бе­ру бағытын да ұстан­ды.

1922 - 1924 жы­лдары Түркістан КП кентінің хат­шы­сы, атқару кенті төрағасының орын­ба­сары, РК (б) П ОК Ор­та Азия бю­росы­ның мүшесі бол­ды. Ор­талық Ази­ядағы ұлттық-аумақтық ме­желеу кезінде (1924) ай­рықша танылды. 1924 жы­лы қара­шада РК (б) П Қазақ об­ко­мының (1925 жы­лы ақпан­нан - Қазақ өлке­комы­ның) екінші хат­шы­сы қыз­метіне жіберілді. Қожановтың тіке­лей ұсы­нысы­мен Кеңес­тердің І съезі қазақ халқы та­рихи ата­уын (пат­ша­лық тұсы­нан бұрма­ланып қалып­тасқан «кир­гиз» де­ген ат­ты төл ата­уына – «қазаққа» түзетіп) қай­та­рып, ас­та­налық қала атын Қызы­лор­да деп өзгертті.

1925 жы­лы қара­шада БК (б) П ор­та­лық кентіне шақыры­лып, ұлт республикала­ры бойын­ша жа­уап­ты нұсқаушы ла­уазы­мымен Кав­казға, 1928 жы­лы Таш­кент­ке, Ор­та Азия Бю­росы­на қыз­метке жіберілді. Мұнда ол үгіт-на­сихат бөлімі меңге­рушісінің орын­ба­сары, хат­шы бол­ды. Бүкіло­дақтық ауыл ша­ру­ашы­лығы ҒА-ның (ВАСХ­НИЛ) Таш­кент бөлімшесін ұйымдастырды. 1929 жы­лы Ор­та Азия мақта-ир­ри­гаци­ялық по­литех­ни­ка инс­ти­тутын (СА­ХИПИ) құрып, алғашқы ди­рек­то­ры бол­ды, со­нымен қатар 1929 - 1931 жы­лдары Ор­та Азия мақта кентінің ди­рек­то­ры қыз­метін атқар­ды. 1931 - 1932 жы­лдары БК (б) П ОК ап­па­ратын­да істеді. Қожа­нов негізгі міндет­терін қоғам­дық, ғылы­ми-шығар­ма­шылық жұмыс­тармен ұштас­ты­рып отыр­ды. Мек­тепке ар­налған «Есеп­та­ну құра­лы» ат­ты оқулығы (1924), «Түркістан­ның Советтік Ав­то­номи­ясы­ның он жыл­дығына» ат­ты орыс тіліндегі зерт­теуі (1928) же­ке кітап бо­лып шыққан. РК (б) П ОК ұлт қызметкер­лерімен өткізген Төртінші кеңесінде (1923), РКФСР ХКК төрағасы­ның орын­ба­сары Т. Рысқұлов­тың басқару­ымен өткен же­ке кеңес­те (1926) сөй­ле­ген сөздерінде, сон­дай-ақ И. В. Ста­лин­ге 1927 жы­лы жазған екі ха­тын­да Қожа­нов­тың са­яси көзқарас­та­ры мейлінше айқын тұжы­рым­далған. Ол 1937 жы­лы 16 шілде­де Таш­кент­те тұтқын­да­лып, са­яси қуғын-сүргін құрба­ны бол­ды. 1957 жы­лы ақтал­ды. Ал­ма­ты, Шым­кент қала­ларын­дағы көше­лер­ге Қожа­нов есімі берілген. Түркістан­да ес­керткіш қойылған.


80 жыл бұрын (1939) философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Қоғамдық ғылымдар академиясының академигі, Ақтөбе қаласының құрметті азаматы Амангелді Әбдірахманұлы АЙТАЛЫ дүниеге келді.
Ресейдің Астрахань облысы, Володарск ауданына қарасты Болдырево ауылында туған. 1964 жылы Атырау педогогикалық институтын, 1967 жылы ҚазҰУ-дың аспирантурасын тәмәмдаған.

Орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі. Философия ғылымдарының докторы, профессор. Ұзақ жылдар білім және ғылым саласында қызмет еткен. 1999-2004 жылдар аралығында екінші шақырылымдағы және 2004-2007 жылдардағы үшінші шақырылымдағы Парламент депутаты. Бірнеше ғылыми-көпшілік кітаптың және жүздеген ғылыми мақаланың авторы.

«Құрмет белгісі, «Парасат» ордендерімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің гамотасымен марапатталған.


71 жыл бұрын (1948-2007) қоғам қайраткері, «Дос-Мұқасан» тобының негізін қалаушылардың бірі әрі оның мүшесі Шәріп ОМАРОВ дүниеге келді.
Жамбыл облысы, Талас ауданы, Тамды ауылында туған. 1970 жылы Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірген. 1972 жылы осы оқу орынның асперантурасын бітірген. 1988 жылы Алматы жоғарғы партия мектебін, 1997 жылы Абай атындағы АМУ тәмамдаған.

Еңбек жолы: 1970 - 1972 жылдары Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің инженері, ассисенті, комсомол комитеті хатшысының орынбасары қызметтерін атқарған. 1972 – 77 жылы Алматы қаласы Совет ауданы комсомол комитетінің хатшысы, Алматы қаласы комсомол комитетінің хатшысы. 1977 – 1985 жылдары Алматы қаласы Совет ауданы партия комитетінде бөлім меңгерушісі, Алматы қаласы партия комитетінде бөлім меңгерушісі. 1985 – 1987 жылдары Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің шетелдік туризм КП ОК-інде бөлім меңгерушісі. 1987 - 1990 жылдары Қазақ ССР Жоғарғы кеңесінің депутаты. 1988 – 1989 жылы Алматы қаласы партия комитетінің 2-хатшысы. 1989 – 1990 жылдары КПСС ОК-нің идеологиялық бөлімінде жауапты ұйымдастырушы. 1990 – 1991 жылдары Алматы облысы партия комитетінің хатшысы. 1991 – 1993 жылдары ҚР Жастар ісі жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасының орынбасары. 1993 – 1994 жылдары мемлекеттік «Қазақстан» телерадио компаниясы төрағасының орынбасары. 1994 – 1995 жылы Алматы қаласы әкімінің орынбасары. 1996 – 1999 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитет төрағасы болған. 1999-2004 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитет төрағасы. 2004-2007 жылдары Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.


58 жыл бұрын (1961) ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Марат Өмірбекұлы ҚОЛҚАБАЕВ дүниеге келді.

Алматы облысында туған. Алматы энергия құрылыс техникумын, СССР КГБ Жоғарғы курсын тәмәмдаған.

Еңбек өтілі: Алматы ЖЭО-1 жоғары қысым қазандықтарының машинисі (1982-1984); СССР КГБ Жоғары курсының тыңдаушысы (1984-1989); Қазақ ССР КГБ тергеу бөлімінің тергеушісі (1989-1995); ҚР ҰҚК басшылық лауазымдарында жұмыс істеді (1995-2003); ҚР ҰҚК 9-шы тергеу департаментінің бастығы (2003-2009); ҚР ҰҚК Департамент бастығы (2003-2009); ҰҚК Астана қаласы бойынша департамент бастығы (2009-2011); ҰҚК 9-шы тергеу департаментінің бастығы (2011-2013).

Қазіргі лауазымында 2013 жылғы қазаннан бастап.


53 жыл бұрын (1966) Қазақстанның «Атамекен одағы» ҰКП президиумының төрағасы, кәсіпкер, Қазақстандағы энергетикалық секторлар мен мұнай-газ кәсіпорындарын біріктіруші KAZENERGY қауымдастығының төрағасы Тимур Асқарұлы ҚҰЛЫБАЕВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Михаил Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. 1988-1990 жылдары - Қазақ ССР Мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы Жоспарлау және нормативтер ғылыми-зерттеу экономикалық институтының экономисі, кіші ғылыми қызметкері. 1990-1992 жылдары - Қазақстанның Мәдени, әлеуметтік және ғылыми-техникалық даму қоры Ғылыми-консультациялық орталығының директоры. 1992-1997 жылдары - «Алтын Алма» Концерні» АҚ бас директоры, президенті, Қазақстанның халықаралық даму қорының бас директоры, «Altyn Alma» сауда үйінің президенті, «Алтын Алма» жабық үлгідегі акционерлік қоғамының президенті. 1995-1997 жылдары - «Алматы сауда-қаржы банкі» ЖАҚ Бақылау кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитеті Жобаларды бағалау және келіссөздер жүргізу дирекциясының директоры. 1997-1999 жылдары - «Казақойл» Ұлттық мұнайгаз компаниясы» ЖАҚ экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті. 1999-2001 жылдары - «ҚазТрансОйл» Ұлттық мұнай тасымалдау компаниясы» ЖАҚ президенті, «ҚазТрансОйл» ЖАҚ бас директоры. 2001-2002 жылдары - «Мұнай және газ тасымалдау» Ұлттық компаниясы» ЖАҚ бас директоры. 2002 жылдан бастап «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» ЖАҚ бірінші вице-президенті болған. 2002 жылдан бері «ҚазТрансОйл» ЖАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы. 2006-2007 жылдары - «Самұрық» Ұлттық холдингтік компаниясы» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары. 2008 жылдың қазанынан - «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары. 2009 жылдың қаңтарынан - Қазақстан бокс федерациясының президенті. 2010 жылдан - Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиадалық комитеті атқару комитетінің мүшесі. 2010 жылдың наурызынан Қазақстан Республикасы кәсіпкерлер бірлестігі үйлестіру кеңесінің мүшесі. 2010 жылдың сәуірінде «Атамекен» одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы төралқасының төрағасы болып сайланған. 2010 жылдың мамырында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің құрамына кірген. 2011 жылдың 12 сәуірінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалған. «ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы. «Қазатомөнеркәсіп ұлттық атом компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы. Қазақстанның «Атамекен одағы» ҰЭП президиумының төрағасы (2010 жылдан). Қазақстан Республикасы бокс федерациясының төрағасы. «Газпром» ААҚ директорлар кеңесінің мүшесі (2011 жылдың маусымынан)
ІІІ дәрежелі «Барыс», «Құрмет», Достық, ІІ дәрежелі князь Даниил Московский ордендерімен, медальмен марапаттаған. Seimar Open 2000 гольфтан 3 жыл сайынғы қазақстандық турнирде 1 орынды жеңіп алған.


46 жыл бұрын (1973) қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кенесінің мүшесі Мұхтар Болатханұлы ТАЙЖАН дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Варшава университетінің халықаралық экономикалық және саяси қатынастар институтын аяқтаған (Польша, 1997), халықаралық экономикалық қатынастар магистрі.

Еңбек жолы: ҚР Стратегиялық жоспарлау агенттігінде және ҚР Президенті Әкімшілігінде қызмет атқарған (1997-2001); «Қазақстан темір жолы» РМК қызметкері (2001-2002); «Ордабасы Корпорациясы» АҚ-да жұмыс істеген (2002-2003); Болатхан Тайжан атындағы Қордың президенті (2009); Жер реформасы жөніндегі комиссия мүшесі (2016); Қазақстан Республикасы Президентінің жанында,ы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі (07.2019 жылдан бастап).


44 жыл бұрын (1975) саясаттанушы, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кенесінің мүшесі Айдос Әміроллаұлы САРЫМ дүниеге келген.

Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «Тарих» мамандығымен бітірген.

Еңбек жолы: Қазақстан Республикасы Архивтер және құжаттамалар бас басқармасының бас инспекторы, кеңесшісі; Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері; Атырау облыстық Ішкі саясат департаментінің директоры; Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің сектор меңгерушісі; «Ақ жол» партиясының баспасөз хатшысы, кеңесшісі; «Нағыз Ақ жол» партиясы теңтөрағасының кеңесшісі; «Жас Алаш» газеті бас редакторының орынбасары; Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы директорының кеңесшісі (05.2017-08.2018). ҚР Қоғамдық даму министрінің кеңесшісі (2018 жылғы тамыздан). Қазақстан Республикасы Президентінің жанында,ы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі (07.2019 жылдан бастап).


43 жыл бұрын (1976) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары Ренат Құрметжанұлы АЙТАЕВ дүниеге келді.

Өскемен қаласында туған. Д.М.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін, Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген, инженер-экономист, заңгер.

1999-2000 жылдары - Шығыс Қазақстан облыстық статистика басқармасында өнеркәсіп кәсіпорындарына мониторинг бөлімінің бас маманы. 2000-2002 жылдары - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің талдау және болжау департаментінің жетекші, бас маманы. 2002-2003 жылдары - ҚР Қаржы министрлігінің кірістер мен келісімшарттар департаментінің кедендік кірістер бөлімінің бастығы. 2003-2008 жылдары - ҚР Қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитетінің басқарма бастығы. 2008-2009 жылдары - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық қамтамасыз ету департаменті директорының міндетін атқарушы, директоры. 2009-2010 жылдары - ҚР Индустрия және сауда министрлігінің индустриялық-инновациялық дамуды салааралық үйлестіру департаментінің директоры. 2010 жылғы сәуір-маусым айларында - ҚР Индустрия және сауда министрлігінің индустриялық саясат департаментінің директоры. 2010 жылғы маусым-қазан айларында - ҚР Премьер-Министрі кеңсесінің индустриялық-инновациялық даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары; ҚР Премьер-Министрі кеңсесінің индустриялық-инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі (2010-2017).

Қазіргі лауазымын 2017 жылғы қаңтардан бері атқарып келеді.

«Құрмет» орденімен (2013); ІІІ дәрежелі «Еуразия экономикалық одағын құруға қосқан үлесі үшін» медалімен (2015) наградталған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT