10 қыркүйек күні елімізде болатын маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 10 қыкүйек күні Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де Сенаттың кезекті отырысы болады. Күн тәртібінде Парламент Мәжілісі мақұлдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы қаралады. Отырыс палатаның www.parlam.kz сайтында онлайн режимде көрсетіледі.

11.00-де Қазақстанның коммунистиік халық партиясы Астана қалалық комитетінің кеңсесінде «Ардагерлер туралы» Заңға және ҚР басқа да заңнамалық нормаларына түзетулер енгізу туралы» тақырыбында ҚКХП мен «Қаһарман ұрпақ» қоғамдық қорының бірлескен баспасөз конференциясы өтеді.

11.30-да «Нұр-Сұлтан-1» вокзалында «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшылығының қатысуымен «Ынтымақтастықтың қорытындылары мен «Жолаушылар тасымалы» АҚ алдағы уақыттағы жоспарлары» атты тақырыпта брифинг өтеді.

16.00-де елордалық Достық үйінде отбасы күніне орай «Мама» фотокөрмесі ашылады.


АЛМАТЫ

11.00-де Zoom конференциясы арқылы «2021 жылға арналған «Қатысу бюджеті» жобасын іске асыру тәртібі мен жоспары туралы Алматы қаласының Стратегия және бюджеттік департаментін тыңдау» тақырыбында Қоғамдық кеңестің онлайн-отырысы ұйымдастырылады.

11.00-де Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Елбасы Жолдауы аясында кәсіпкерлікті қолдау бойынша қабылданған шаралар туралы онлайн брифинг өтеді. Спикер - Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының бастығы Еркебұлан Оразалин.

12.30-да Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында білім беру ұйымдарындағы оқу үдерісі туралы онлайн брифинг өтеді. Спикер - Алматы қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов.

14.00-де Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Алматы қаласының денсаулық сақтау жүйесінде цифрлық жобаларды іске асыру туралы онлайн брифинг өтеді. Спикерлер - Алматы қалалық цифрландыру бөлімінің бастығы Баян Көңірбаев және «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Алматы қалалық филиалының директоры Гүлнәр Ысқақова.

14.00-де ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен Мәдениеттерді жақындастыру орталығы, Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтымен бірге, Абайдың 175 жылдығына арналған «Сөз археологиясы: тілдер, жазба ескерткіштер және тарих» тақырыбында конференция өтеді.

Іс-шара Достық үйінде «Мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық онжылдығы» (2013-2022 жж.) аясында ұйымдастырылады.

16.10-да Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Алматы денсаулық сақтау жүйесінің 2020 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша жұмысының қорытындылары туралы онлайн брифинг өтеді. Спикер - Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Қамалжан Надыров.


Соңғы жаңалықтар