10 қазан. Туған күн иелері

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 10 қазан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

null

ЕСІМДЕР

60 жыл бұрын (1958) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік Комитетінің мүшесі Әлімжан Сейітжанұлы ҚҰРТАЕВ дүниеге келген.

Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын (1980) бітірген, инженер.

Еңбек жолы: Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты Қызылорда филиалының оқытушысы  (1980-1981); Қазақ КСР Шымкент қаласының ішкі істер органдарында қызмет етті (1981-1982); Шымкент қаласы үй құрылыс комбинатының шебері, бас инженері (1982-1985); Ғылыми қызметпен айналысты (1985-1990); Құрылыс индустриясының қызметкері (1990-1993); Арыс қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, әкімнің кеңесшісі, Оңтүстік Қазақстан облыстық көші-қон және демография басқармасының бастығы, ҚР Көші-қон және демография жөніндегі агентік төрағасының орынбасары (1993-2004); Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының әкімі (2005-2009); «Оңтүстік құрылыс сервис» ЖШС директоры (2009-2012); Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі (2012-2013); «Оңтүстік құрылыс сервис» ЖШС директоры (2013-2016).

Қазіргі лауазымын 2017 жылдан бері атқарып келеді.

60 жыл бұрын (1958) Алматы облысының Жамбыл ауданының  әкімі Бағдат Байшалұлы ӘЛИЕВ дүниеге келген.

Алматы облысында туған. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын бітірген (1986), ғалым-агроном.

Еңбек жолы: Дегерес жылқы зауытының аға шопаны (1975); Дегерес аулының бастауыш комсомол ұйымының хатшысы (1979-1984); Алматы облысы Жамбыл аудандық комсомол комитетінің хатшысы (1984-1985); Дегерес жылқы зауытының агрономы (1985-1988); Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтының ғылыми ұйымдастырушысы (1988-1991); Дегерес жылқы зауытының бастауыш партия ұйымының хатшысы (1991); Халық депутаттары аудандық кеңесінің аға референті, аппарат жетекшісі, Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімінің көмекшісі (1992-1994);  «Ақтерек» қой шаруашылығының директоры (1994-1996); Алматы облысы Жамбыл аудандық жер комитетінің төрағасы (1996-1998); «Сұңқар» АШӨК төрағасы (1998-2002); Алматы облысының әкімі аппаратының еңбек және әлеуметтік қорғау департаментінің мемлекеттік инспекторы (2002-2003); Алматы облысы Жамбыл ауданының «Отан» партиясы төрағасының орынбасары (2003-2004); Жамбыл аудандық мәслихатының хатшысы (2004-2009); Алматы облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы (2009-2013). Кербұлақ ауданының әкімі (2013-2018). Қазіргі қызметінде 2018 жылдың мамыр айынан бері.

58 жыл бұрын (1960) «Қазақстандық қор биржасы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Андрей Юрьевич ЦАЛЮК дүниеге келді.

Киев қаласында туған. А.Жданов атындағы Ленинград мемлекеттік университетін бітірген.

1982 жылдан геология кәсіпорындарында әртүрлі жұмыстарда болды. 1982 жылдан - «Семиречье» Ақпараттық агенттігі» ЖШС-да - инженер-бағдарламашы, ақпараттық бөлім бастығы, директордың ақпарат жөніндегі орынбасары. 1996 жылдан - «Алматы қаржы құралдары биржасы» ЖАҚ ақпарат және талдау бөлімінің бастығы. 1998-2008 жылдары - «Ирбис» қаржылық тәуекелдер ақпараттық агенттігі» ЖШС бас директоры. 1999 жылдан - «Қазақстандық қор биржасы» АҚ-да ақпарат және талдау бөлімінің бастығы, 2007 жылдан ақпарат және талдау департаментінің директоры. Қазіргі қызметінде - 2007 жылғы қазаннан бері.

ҚР Құрмет грамотасымен марапатталған.

56 жыл бұрын (1962) «ҚР және Орталық Азия құрылысшылары одағы» ЗТБ президенті, «Астана жиһаз фабрикасы» ЖШС бас директоры Жалғас Кәкімұлы АЛМАН дүниеге келген.

Ақтөбе облысында туған. Ақтөбе құрылыс техникумын (1985); Қазақ мемлекеттік заң академиясының Ақтөбе филиалын (2004); Халықаралық бизнес академиясын (2011) бітірген.

Еңбек жолы: «Қызыл партизан» ұжымшарында құрылысшы-мастер, прораб (1983 жылдан); «Актюбинсксельстрой» ПМК құрылыс учаскесінің шебері (1986-1989); «Құрылысшы» кооперативінің шебері (1989-1993); «Мұрат ЛТД» ЖШС директоры (1993-1997); «ЖАК» ЖШС, «Ақтөбе-Ламинат» ЖШС, «Ақтөбе-1 құрылыс кешені» ЖШС бас директоры (1997 жылдан); «Жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі» ЗТБ батыс филиалының директоры (2005 жылдан).

Қазіргі лауазымын 2009 жылдан бері атқарып келеді.

286 жыл бұрын (1731-1810) ағылшын физигі және химигі, Лондон корольдық қоғамының мүшесі Генри КАВЕНДИШ дүниеге келді.
Оның негізгі еңбектері газдар химиясы мен эксперименттік физиканың әр түрлі салаларына арналған. Газдарды жинау, тазалау, және оны зерттеу әдістерін жасап таза күйіндегі сутек пен көмірқышқыл газын алды және олардың меншікті салмағын т.б. қасиеттерін анықтады. Кавендиштің жылу және электр саласы бойынша жүргізген біраз зерттеулері, оның өзі қайтыс болғаннан кейін, көптеген жылдардан соң жарияланды. Ол ғылымға электр потенциалы ұғымын енгізіп, электр конденсаторы сыйымдылығының ортаға тәуелділігін, электр зарядтарының бір-біріне тигізетін әсерін зерттеді. 1798 жылы иірілмелі таразы әдісін пайдалана отырып, Жер шарының орташа тығыздығын анықтады. 1871 жылы Кембридж университетінде ұйымдастырылған физика зертханасы Кавендиш есімімен аталады.

204 жыл бұрын (1813-1901) итальян композиторы, итальяндық опера мектебінің басты тұлғаларының бірі Джузеппе ВЕРДИ дүниеге келді

157 жыл бұрын (1861-1930) норвег саяхатшысы, океанографы, Нобель сыйлығының лауреаты НАНСЕН Фритьоф дүниеге келді.
Ол Солтүстік Мұзды мұхиттың су құрамы, мұз қозғалысындағы жердің тәуліктік айналысының әсері, т.б. жөнінде құнды ғылыми деректер жинаған. 1900 жылы Солтүстік Мұзды мұхит ағысын зерттеу экспедициясына қатысқан. Арктика мен Антарктиканың бірсыпыра нысандары Нансен есімімен аталады.

Соңғы жаңалықтар