10 қарашада елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 10 қараша күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

9.00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде елдегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдай, 2021 жылғы қаңтар-қазан айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы, Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2022 жылға арналған жоспарының жобасы және 2021 жылғы ұлттық халық санағының аяқталуы қаралады. Отырыстың тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.kz, Aitube.kz порталдарынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter желілерінен көре аласыздар.

10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.

15.00-де Елорданың құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтеді.

16.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Аңсаған сәби» бағдарламасын жүзеге асыру туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикерлер: ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова, Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының президенті, халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығының президенті, «Persona» халықаралық клиникалық репродуктология орталығының бас директоры, ҚР бас репродуктологы Вячеслав Локшин, Нұр-Сұлтан қаласы №2 көпбейінді қалалық ауруханасы, Отбасын жоспарлау орталығының гинеколог-эндокринологы Айгүл Мұсабаева, Медицина магистрі, репродуктолог-дәрігер, «Экомед» клиникасының директоры Алмаз Ибрагимов. Көрсетілім сілтемелері: Youtube , Facebook .

19.00-де Жастар театрында Н. Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театры «Бернард Альбаның үйі» қойылымын көрсетеді.


Соңғы жаңалықтар