+7 (701) 759 90 19
USD 388.49 EUR 427.26
RUB 6.06 CNY 55.32
Jańalyqtar

10 қараша. Туған күн иелері

2019 жылғы 10 қараша 08:08
Бөлісіңіз:
10 қараша. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат 10 қарашаға арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР


65 жыл бұрын (1954) ЕҚЫҰ-ның Адам саудасымен күрес жөніндегі арнайы өкілі Мәдина Бинешқызы ЖАРБОСЫНОВА дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Алматы педагогикалық шет тілдер институтын, КСРО Ғылым Академиясының Тіл білімі институтының аспирантурасын бітірген. Филология ғылымының кандидаты, 2-сыныпты Төтенше және Өкілетті уәкіл. Алматы педагогикалық шет тілдер институтының оқытушысы, аға оқытушысы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының аға оқытушысы болып қызмет атқарған. 1991-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Шетелдік ақпарат және аудармалар секторының меңгерушісі. 1995-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі, Халықаралық ұйымдар және халықаралық экономикалық қатынастар басқармасы бастығының орынбасары, басқарма бастығы. 1997 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көпжақты ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары. 1997-1998 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің БҰҰ және халықаралық экономикалық ұйымдар басқармасының бастығы - 1-департамент директорының орынбасары. 1998-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 1-департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер вице-министрі. 1999-2003 жылдары БҰҰ-дағы Қазақстанның Тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қосымша атқарған. 2003 жылдың ақпанынан наурызына дейін - Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясының Төрайымы. 2003 жылдың тамызынан Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар бойынша Елшісі. 2013 жылдың мамыр айында ЕҚЫҰ-ның Украинадағы жобаларының үйлестірушісі болып тағайындалды. 2014 жылдың маусым айында ЕҚЫҰ-ның Адам саудасымен күрес жөніндегі арнайы өкілі болып тағайындалды.


63 жыл бұрын (1956) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Майра Арапқызы АЙСИНА дүниеге келді. Бұрынғы Көкшетау, қазіргі Ақмола облысы Зеренді ауданының Костомаровка ауылында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін математика пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша; Алматы саясаттану және басқару институтын саясаттану мамандығы бойынша; Қазақ гуманитарлық-заң университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1974 жылы Қарағанды қаласы №27 орта мектебінде бастаған. 1994 жылы - Қазақстан Республикасы Жастар ісі, туризм және спорт министрлігінің жастар саясаты бас басқармасының бастығы. 1997 жылы - Қазақстан Республикасы Білім және мәдениет министрлігінің үйлестіру және бақылау департаменті ұйымдастыру және құжаттамамен қамтамасыз ету басқармасының бастығы. 1997-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы Білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің әкімшілік департаменті директорының орынбасары. 1999-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің әкімшілік департаменті директорының орынбасары. 2001 жылы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің консультанты. 2001-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-мәдени даму бөлімі білім секторының меңгерушісі. 2001-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-мәдени даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2003-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-мәдени даму бөлімі білім секторының меңгерушісі. 2005-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі. 2006 жылы - «Отан» Республикалық саяси партиясы Орталық аппаратының басшысы. 2006-2007 жылдары - «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының Орталық аппараты басшысының бірінші орынбасары. 2007-2011 жылдары - IV сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2012-2016 жылдары - V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. Қазіргі қызметінде 2016 жылғы наурыздан бері.


43 жыл бұрын (1976) Қызылорда облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы Талғат Толыбайұлы МАХАНОВ дүниеге келді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «Журналистика», Мәскеу экономика, статистика және ақпарат университетін «Қаржы және несие» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1993 жылы «Бағым» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысшысы ретінде бастаған.

1997-2007 жылдары «Хабар» акционерлік қоғамы мен «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясында жауапты қызметтер атқарған. 2007-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің баспасөз хатшысы, Қазақ агротехникалық университеті баспасөз орталығының директоры, Қызылорда облысы әкімдігінің іс басқармасы директорының орынбасары.

2015-2018 жж. Қызылорда облысы әкімінің көмекшісі лауазымында қызмет атқарды.

Қазіргі қызметінде – 2018 жылдың маусым айынан бастап.


35 жыл бұрын (1984) Жамбыл облысы прокурорының орынбасары Әділ Әбдіқадыр КӘРІМ дүниеге келген.

Ол Шымкент қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін құқықтану; Жәңгірхан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін қаржыгер мамандықтарымен, М.В. Ломоносов атындағы ММУ магистратурасын бітірген.

Еңбек жолы: Орал қаласы көлік прокурорының көмекшісі (2004); Орал қаласы прокурорының көмекшісі; Батыс Қазақстан облысы прокуратура басқармасының прокуроры; Алматы қаласы Бостандық ауданы прокурорының аға көмекшісі; Алматы қаласы прокуратура басқармасының аға прокуроры; Алматы қаласының Алатау ауданы прокурорының орынбасары, Алмалы ауданының прокурорының орынбасары; Шымкент қаласы Қаратау ауданының прокуроры (2015-2018); Түркістан облысы Бәйдібек ауданының прокуроры (2018-2019).

Қазіргі лауазымын атқаруға 2019 жылдың сәуірінде кіріскен.

32 жыл бұрын (1987) «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарама төрағасы Әсет


Нұрланұлы Тұрысов дүниеге келді.

Ол Москва қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетінің «Математикалық және компьютерлік модельдеу бакалавры» мамандығын бітірді. 2017 жылы «Экономика бакалавры» мамандығы бойынша «Нархоз» университетін аяқтады.

Еңбек жолын 2009 жылы «Қазақтелеком» АҚ ақпараттық жүйелер дирекциясының операциялық жүйелерді басқару бөлімінің инженер-жүйе әкімшісі болып бастаған. 2011 жылдан бастап 2014 жылға дейін ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы болып қызмет етті.

Астана қ. «Халыққа қызмет ету орталығы» РМК, сосын «Қазпошта» АҚ басқарушы директоры лауазымында қызмет етті.

2017 жылдан «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры.

2018 жылғы 29 қаңтардан бастап «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарама төрағасы болып тағайындалды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:

Автор:

Нұрлан Тұяқов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT