+7 (701) 759 90 19
USD 388.49 EUR 427.26
RUB 6.06 CNY 55.32
Jańalyqtar

10 қараша. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылғы 10 қараша 07:00
Бөлісіңіз:
10 қараша. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 10 қарашаға арналған күнтізбесін ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Халықаралық бейбітшілік пен даму жолында қызмет ететін ғылым күні Ол 2001 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен бекітіліп, 2002 жылдан бері атап өтіліп келеді. Дүниежүзілік жастар күні

1945 жылы БҰҰ бекіткен. Бұл күніДүниежүзілік жастар федерациясы құрылды. Халықаралық бухгалтерлер күні

Бухгалтерияға арналған әлемдегі алғашқы кітаптың баспадан шығарылуына байланысты тойланады. 1494 жылы Лука Пачиоли Венецияда «Арифметика, геометрия және пропорция туралы мағлұматтар» атты кітабын шығарып, соның бір тарауын бухгалтерияға арнады.

Мұстафа Кемал Ататүрікті (1881-1938) еске алу күні 1938 жылы қайтыс болған Мұстафа Кемал Ататүрікті еске алу үшін бекітілді. Түркияның негізін қалаушы қайраткердің есімі бүгінде көптеген қалаларда алаңдар, көшелерге берілген. Сондай-ақ Ыстанбұлдағы ең ірі әуежай Ататүрік есіміммен аталады.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1921 жылы Қазақ орталық атқару комитеті «Мал ұрлығымен күрес жүргізу туралы» декрет шығарды.

1940 жылы кирилл графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиі жасалды. Қазақ кирилл әліпбиі - Қазақстанда, Моңғолияда және Өзбекстанда қазақ халқы қолданатын әліпби. С.А. Аманжолов ұсынған алфавитте 42 әріп бар, соның 33-і орыс алфавитінің әріптері, ал 9-ы орыс тілінде жоқ, қазақ тілінің дыбыстарын өрнектеу үшін қосымша түрде жасалған Ә, Ғ, K, Ң, Ө, Ұ, Y, h, I әріптері. О баста қазақ әріптері орыс алфавитінің әріптерінен кейін орналастырылған болатын, ал кейіннен ұқсас әріптердің жанына көшірілді.

2003 жылы «Қазақстан Ипотекалық несиелерді кепілдендіру қоры» АҚ құрылды.

2004 жылы Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдары «Электрондық үкімет» Мемлекеттік бағдарламасын ұйымдастыру туралы» Жарлыққа қол қойды.

2005 жылы «Қазпошта» АҚ жаңа жылға арналған пошта маркасын айналымға енгізді. Онда «Бәйтерек» сәулет ескерткіші, шырша және жаңа жыл сағаты бейнеленген. Марка Бейжіңдегі (ҚХР) пошталық төлем белгілері фабрикасында, 50 мың данамен басылып шықты. Марканы безендірген суретші - Ринат Жапалов.

2006 жылы Алматыда және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қазақ кәсіби музыкалық мәдениеті негізін қалаушылардың бірі, Қазақ КСР халық әртісі, композитор, Қазақ радиосының хормейстері, Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің дирижері Латиф Хамидидің туғанына 100 жыл толуына арналған «Мерейтойлық және естелік даталар» сериясымен шығарылған көркем пошта маркасы айналымға енгізілді. Марка офсеттік тәсілмен 4 түсте басылған, жиектері өрнекті орындалып, тиражы 50 000 данамен таратылған. Суретшісі - Д.Мұхамеджанов. Маркалар Бейжің пошталық төлем белгілері фабрикасында басып шығарылған.

2011 жылы Семей ядролық полигонын жабуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен КСРО бұрынғы президенті Михаил Горбачев атаулы оқиғаның 20 жылдығында медальға ие болды.

2011 жылы Үндістанда Қазақстанмен достық мәселесі жөніндегі парламенттік топ құрылды. Оның құрамына Үндістан Парламентінің жоғарғы және төменгі палаталарының белгілі өкілдері кірді.

2013 жылы Өскеменде Қазақстан мен Ресейдің мемлекеттік-жекешелік әріптестің аясында толық циклды автомобиль зауытының құрылысы басталды.

2013 жылы Түркияның Болу провинциясында «Кероғлы» атты бірінші Халықаралық мәдениет және өнер фестивалі өтті.

Фестиваль аясында қазақ халқының көне дәстүрі мен салтын қамтып көрсететін экспонаттар, Қазақстан туралы баспа өнім ұсынылған. Бұдан басқа, келушілердің назарына елшілік шығарған кітаптар – ҚР Президенті Н.Назарбаевтың таңдамалы шығармаларының түрік тіліндегі бес томдығы, «Қазақстан-Түркия: достық пен ынтымақтастықтың 20 жылы» кітабының қазақ және түрік тілдеріндегі нұсқалары және «Нұрсұлтан Назарбаев – әлемдік ауқымдағы көшбасшы» атты түрік тіліндегі кітап ұсынылған.

2014 жылы ХҒС халықаралық экипажы бар «Союз ТМА-13М» ғарыш кемесінің аппараты Мәскеу уақытымен сағат 06:58-де Арқалық қаласынан шамамен 82 шақырым жерге қонды.

Экипажбен бірге салмақсыздық жағдайының көпжасушалы жоғары дамыған организмдердің дамуына әсерін зерттеу үшін шығарылған дрозофил-шыбындардың «ғарыштағы ұрпағы» да Жерге түсті. Бұл зерттеулер аса құнды, олар алыс ғарышты зерттеуге қызмет етеді.

2018 жылы Астанадағы «MEGA Silk Way» сауда, ойын-сауық орталығында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге арналған «D10 WORLD» көрмесі ашылды. Жалпы ауданы 400 шаршы метрден асатын аумақта авторлық фотожұмыстар, Олимпиада чемпионына тиесілі заттар қойылған. Онда маңызды спорттық сайыстарда түсірілген суреттермен, әріптестері мен достары ұсынған видеожобалармен, сонымен қатар Денистің шығармашылық бағыттағы жеке жұмыстарымен танысуға болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:

Автор:

Нұрлан Тұяқов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT