10 қаңтар күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 10 қаңтарда өтетін маңызды шараларға шолуын ұсынады.

АСТАНА

10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне оңалту және банкроттық рәсімдерін жетiлдiру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасының таныстырылымы өтеді.

16.00-де Астана қаласындағы № 59 мектеп-лицейде Астана қаласы педагог қауымдастығының, Мәжіліс депутаттарының, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Қоғамдық кеңесінің қатысуымен «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өтеді.

11.00-де «Astana Нub» халықаралық IT стартаптар технопаркте «NURINTECH» республикалық жастар инновациялық жобалар байқауының жеңімпаздары марапатталады.

АЛМАТЫ

12.00-де Қазақстанның Баспасөз клубында «Құран аудармасының таныстырылымы» туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

Соңғы жаңалықтар