10 қаңтар күні Астанада дабыл жүйесі іске қосылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ертең күндіз Астана қаласының құлақтандыру жүйелеріне тексеру жүргізілетінін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Департамент қала тұрғындары мен қонақтарын электр дабыл кезінде сабыр сақтауға шақырады.

«Қымбатты қала тұрғындары мен қонақтары! Осы жылдың 10 қаңтарында сағат 09:55-те теле-радио арналарды тоқтату және электр дабылдарды қосу арқылы Астана қаласының құлақтандыру жүйелері тексеріледі», - делінген департаменттің хабарламасында.

Департамент, сондай-ақ, төтенше жағдай орын алған кезде немесе сондай қауіп төнген жағдайда электр дабылдар немесе басқа да дабыл құралдары іске қосылатынын, оның «Баршаңыздың назар аударуыңызды сұраймыз!» бірыңғай құлақтандыру дабылын білдіретінін еске салды. Бұл дабылды естіген кезде тұрғындар міндетті түрде ақпарат қабылдау құралдарын (теледидарлар, радио және тағы басқа) қосып, іс-әрекеттер туралы нұсқаулар мен ақпаратты алуы керек.

Соңғы жаңалықтар