+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары – министр Мырзағалиев

2021 жылғы 27 ақпан 10:19
Бөлісіңіз:
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары – министр Мырзағалиев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгінгі күні республика бойынша 10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев экология мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес алдындағы есептік кездесуде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда Есіл және Ақбұлақ өзендерінің аумағы қоқыстан тазартылды ШҚО-да қалдықтар полигоны салынғаннан кейін тариф қаншалықты өседі Роман Скляр ШҚО-да тұрмыстық қалдықтар полигонындағы құрылысқа түсінік берді

Жиын барысында 2020 жылғы қызмет қорытындылары мен орта мерзімді кезеңдегі негізгі міндеттер талқыланды.

«Қазақстанда атмосфераға зиянды заттарды көп шығарып отырған 8-10 Жылу электр орталығы бар және 4-5 ірі кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Барлық күш-жігерді соларға бағыттау керек. Осы бағытта кешенді шараларды айқындап та қойдық», - деді министр.

М.Мырзағалиев атап өткендей, Қазақстанда 2 млрд ағаш отырғызу, суармалы жерлердің көлемін ұлғайту шаралары қарастырылып жатыр.

Ел экологиясын дамыту, табиғатты және жануарлар дүниесін қорғау бойынша 2020 жылы министрлік үлкен жұмыстар іске асырылғаны жеткізілді. Десе де, қоғам өкілдерімен бірлесіп атқаратын жұмыстардың да жеткілікті екені тілге тиек етілді.

«Бүгінгі күні республика бойынша 10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары болып табылады. Ол – Алматы, Теміртау, Жезқазған, Өскемен, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Балқаш, Қарағанды, Атырау, Шымкент қалалары. Сондықтан, біз 2020 жылы Экологиялық кодексті жаңа редакцияда қабылдадық. 16 өңірде аймақтардағы экологиялық ахуалды жақсарту жөніндегі Жол карталары бекітілді, Жайық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау және қалпына келтіру жөніндегі Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының бағдарламасына қол қойылды», - деп атап өтті министр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT