10-ға жуық отандық дизайнер шетелде брендтерін қалыптастырды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Отандық дизайнерлердің өнімдеріне еуропалықтар тарапынан сұраныс арта бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінде бірқатар қазақстандық дизайнерлердің брендтері Еуропадағы дүкендердің коллекцияларын толықтырып келеді.

Жақында олар Италияда Милан сән апталығы аясында өткен White Milano іскерлік салонынан оралды.

Ол шарада әлемнің 23 мыңға жуық жеңіл және тоқыма өнеркәсібінің өкілі, инвесторлар мен байерлер, шоу-рум директорлары бас қосқан болатын.

«Әлемде сән индустриясы нарығы өте үлкен. 7 млрд адам, яғни 1,5 трлн АҚШ доллары. Қазақстанда жеңіл өнеркәсіпке мемлекет тарапынан қолдау бар. Өндірістік қуат жағынан келгенде де проблема жоқ. Тек біздің өндірушілер белгілі бір стандартпен жұмыс жасамайды. Еуропа байерлері тарапынан қызығушылық болмайтыны содан. Бренд-инкубатор мен халықаралық стандарт бойынша идеядан бастап коллекция жасауға дейін тәжірибемді бөлістім»,- деді Аяжан Жақсыбай.








Оның айтуынша, қазір Қазақстан өнімін шетелге шығаруға мүмкіндік көп.

«4 жыл уақыт ішінде бізде Италия, Белгия, Германия, Ресей, Корея, Ұлыбритания елдерімен 100-ге жуық келісімге қол қойылды. Соңғы жылдары ішкі нарықта жағымды өзгерістер пайда болды. Экспортерлер саны көбейді, бәсеке пайда болды. Тұтынушылар легі қалыптасты. 7-8 бренд қазір шетелге сауда жүргізіп отыр»,- деді Аяжан.

Zibroo Design, Fariza Sulta және Utari брендтері White Milano шарасына 3-рет қатысып келді.



Соңғы жаңалықтар