10 айда ЖІӨ өсімі 4,4 пайыз болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылдың 10 айында жалпы ішкі өнім өсімі 4,4 пайызға жетті. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы ішкі өнімнің өсімі қаңтар-қазан айларында 4,4 пайызға жетті. Экономика өсімінің факторлары — инвестициялық белсенділік, ішкі сұраныс пен шағын және орта бизнес үлесінің ұлғаюы, өнеркәсіптің кіші салаларындағы екі мәнді өсім, сонымен бірге мұнай өндірудің қалпына келуі », - деді ол.

Министрдің дерегінше, экономиканың салалары бойынша инвестициялық жобалар пулы құрылды. Бұл орта мерзімді болашақта экономиканың тұрақты және сапалы өсу негізін құрайды. Сонымен бірге елдегі іскерлік белсенділікке оң әсерін тигізеді.

«Инвестициялар 8,2 пайызға өсті. Халықтың нақты табысының өсуі 6,4 пайызды құрады. Жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 28,5 пайызға дейін артты», - деді Руслан Дәленов.

Соңғы жаңалықтар